“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры -

ҚР, Астана қаласы, Қарасаз 3

+7 778 407 08 50

  • Басқы бет
  • Қор туралы
  • Зекет туралы
  • Жаңалықтар
  • Eсеп
  • Жобалар
    • Мақалалар
  • Байланыс
Зекетті Online есептеу

«Өмірге үміт сыйла» жобасына қолдау білдірді

  • Печать
  • Электронная почта
Опубликовано: 18 ноября 2022
Просмотров: 191

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық жобасы аясында Ақтөбе облысындағы ауыл имамының  дертке шалдыққан 2 баласының еміне 1 миллион теңге көлемінде қаржы жиналды.

Сауабы мол игі шараға ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігіне қарасты облыс, қала, аудан, ауыл мешітінің имамдары мен Алладан сауап үміт еткен жомарт жандар атсалысты. Дін қызметкерлерінің «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бір аптада жинаған қаржысы облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде өз иесіне берілді. Облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы Темір ауданы Ақсай ауылдық мешітінің имамы балаларына шипа тілеп, дін қызметкері Түрікменбай Хабиболлаға қажетті қаржыны табыстады. Бас имам сондай-ақ қайырымдылық шарасына қолдау білдірген имамдарға алғыс айтып, қайырымдылықтың сауабы жайлы насихат айтты.

«Мешіттер рухани орын ғана емес, қайырымдылық пен ізгілік жасайтын мекен. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Садақа мал-дүниені ешқашан кемітпейді. Пенде қолын садақа беру үшін созғанда ол садақа сұраушының қолына жетпей тұрып Аллаға берілгендей болады» (Табарани) деген. Сонымен қатар «Адамның өмірінде берген бір дирхам садақасы, өлім сәтінде берген жүз динар садақасынан артық» (Әбу Дәуіт) деген хадис бар. Сондықтан бабаларымыз «Садақаны саулығыңда бер» деп, бес күндік тіршілікте ажал, басқа бәле келмей тұрып садақа беруді үрдіске айналдырған» деді бас имам.

Қор реквизиті

АО "БанкЦентрКредит" Алматы

КФ «Фонд Закят ДУМК»

Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX

БИН 110540000991

KZ208560000005121039

КНП 119 (благотворительная помощь )

Байланыс:

Тел. 8 7172 99 9869

Моб: +7 778 407 08 50

 

 

Мекен-жайымыз:

010000, Астана қаласы, Қарасаз 3

Жаңалыққа жазылу

ОК

Әлеуметтік желілерде бізбен бірге болыңыздар

  • Онлайн Садақа беру
  • Зекет калькуляторы
  • Онлайн Зекет Виджеті
  • Онлайн өтініш қалдыру
  • Политика конфиденциальности
Copyrights © 2011-2024 Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы Зекет Қоры