ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға тегін медициналық көмек көрсету үшін «NEURO&VIVO» орталығымен Меморандум жасасты.
Атап айтқанда, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды талма (эпилепсия) ауруына қарсы тегін тексеру (скрининиг) жасау үшін «NEURO&VIVO» орталығымен меморандумға отырды. Меморандум «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында жасалды.
Екіжақты меморандум аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар тегін түрде талма (эпилепсия) ауруына қарсы тексеруден (скрининиг) өтіп, дәрігер кеңесін алатын болады. Бұл ретте елімізге танымал маман, жоғары санатты дәрігер, балалар неврологы, эпилептолог дәрігер Сұлтанбаева Динара Аблекқызы балаларды тегін тексеріп, кеңес беретін болады.
Айта кетейік, игі бастама 19 тамыз күні Жамбыл облысы, Жуалы ауданынан бастау алады. Ол сондай-ақ алдағы уақытта Астана қаласы мен республиканың әр өңірінде, шалғайдағы ауыл-аймақтарда жалғасын табатын болады.