“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры -

ҚР, Астана қаласы, Қарасаз 3

+7 778 407 08 50

  • Басқы бет
  • Қор туралы
  • Зекет туралы
  • Жаңалықтар
  • Eсеп
  • Жобалар
    • Мақалалар
  • Байланыс
Зекетті Online есептеу

ҚМДБ ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ МАҚСАТБЕК ҚАЙЫРҒАЛИЕВ «АЛТЫН ШИПАГЕР» ҮЗДІК БЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

  • Печать
  • Электронная почта
Опубликовано: 27 сентября 2024
Просмотров: 167

25 -28 қыркүйек күндері Астана қаласында «Неврологиялық ауруларды диагностикалаудағы, емдеудегі және оңалтудағы мультидисциплинарлық тәсіл» тақырыбында өткен халықаралық конференция өтуде.

Конференция аясында «ОҢАЛТУ» Ұлттық Реабилитациялық Орталықтар Қауымдастығының Президенті Ажар Ғиният «ҚМДБ Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиевке «Алтын шипагер» үздік белгісін салтанатты түрде табыс етті.

Айта кетейік, бұған дейін ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев сыйлық ретінде Тараз қаласында орналасқан «Dara Bala», оңалту орталығына, «Асыл мирас» аутизмі (аутистік спектрдің бұзылуы) бар балаларды қолдау орталығына балалардың моторикасын дамытатын және логопедикалық үстелдерді, бизибордтарды табыстаған болатын.

Сондай-ақ, «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында «ҚМДБ Зекет және қайырымдылық» қоры елордадағы «Ұлттық балаларды оңалту орталығына» демалыс бөлмесіне қажетті кілем, теледидар, диван, 8 дана бизиборд (баланың моторикасын дамытатын құрал), 52 дана төсек үстелі (тумбочка), 4 мүгедектер арбасы, 3 ауыр науқастарға арналған кресло дәретханасын тарту етті. Ерекше атап өтетін жайт, 52 дана төсек үстелі «Zeket Hub» қайырымдылық орталығының жиһаз жасау цехында әзірленген.

Еске салайық, «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында бүгінге дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан еліміз бойынша 128 оңалту орталығына 500-ден астам бизиборд пен логопедикалық үстелдерді тегін таратылды.

Қор реквизиті

АО "БанкЦентрКредит" Алматы

КФ «Фонд Закят ДУМК»

Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX

БИН 110540000991

KZ208560000005121039

КНП 119 (благотворительная помощь )

Байланыс:

Тел. 8 7172 99 9869

Моб: +7 778 407 08 50

 

 

Мекен-жайымыз:

010000, Астана қаласы, Қарасаз 3

Жаңалыққа жазылу

ОК

Әлеуметтік желілерде бізбен бірге болыңыздар

  • Онлайн Садақа беру
  • Зекет калькуляторы
  • Онлайн Зекет Виджеті
  • Онлайн өтініш қалдыру
  • Политика конфиденциальности
Copyrights © 2011-2024 Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы Зекет Қоры