1 қазан – Қарттар күні мерекесі қарсаңында «ҚМДБ Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдасытруымен бірқатар іс-шаралар өтті. Атап айтқанда, қарияларға арналған ақ дастархан жайылып, оларға сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Ерікті жастар ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталарды зиярат етті. Асыл қарияларымыз жастарға ыстық ықыластарын білдіріп, ақ баталарын берді. Сондай-ақ, қарттар үйіне азық-түліктер, кілемдер, төсек жабдықтар және басқа да керек-жарақтар табысталды.
Жалпы, бұл күні 1500-ден аса қарияға сый-құрмет көрсетілді.