Абай облысы, Семей қаласында тілсіз жаудың салдарынан үйсіз қалған көп балалалы отбасыға жеке баспананың кілті табысталды. Бұл «ҚМДБ Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында берілген 784-ші баспана болды.
Аталмыш баспананың кілтін салтанатты табыстау рәсімі ҚМДБ Абай облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Абай атындағы Семей мемлекеттік театрында өткен «Адалдықтың үлгісі – адамзаттың асылы» рухани Мәуліт кешінде өтті. Сахна төріне шыққан көп балалы отбасының атасы алғысын айтып, бастарына іс түскенде қолдау білдірген барша жанға разылығын білдірді. Айта кетейік, жаңа баспана «ҚМДБ Зекет және қайырымдылық» қорының Абай облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен және ел ағалары, кәсіпкер азаматтардың қолдауымен алынды.
Еске салсақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сан-салалы жұмыстарының бір бағыты қайырымдылық екені белгілі. Бұл бағытта «Ел үлесі пәтерге», «Жылу сыйла», «Өмірге үміт сыйла», «Рамазан қоржыны», «Раббың үшін құрбан шал» және т.б. жобалар мен акциялар жыл бойы тұрақты түрде өткізіліп келеді.
“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том