“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры -

ҚР, Астана қаласы, Қарасаз 3

+7 778 407 08 50

  • Басқы бет
  • Қор туралы
  • Зекет туралы
  • Жаңалықтар
  • Eсеп
  • Жобалар
    • Мақалалар
  • Байланыс
Зекетті Online есептеу

#ZEKETTEN: АСТАНАДА «ЕРЕКШЕ ҚУАНЫШ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

  • Печать
  • Электронная почта
Опубликовано: 17 октября 2024
Просмотров: 110

Елімізде қазан айының екінші жексенбісі «Мүгедектігі бар адамдар күні» болып белгіленген. Осыған орай «ҚМДБ Зекет және қайырымдылық» қоры өткен демалыс күндері «ЕРЕКШЕ ҚУАНЫШ» акциясын ұйымдастырды.

Шара аясында Астанадағы «Бақытты отбасы» қоғамдық қорында қызмет алатын 50 ерекше бала «Дәстүр» этноауылына барды. Этноауылда балалар мен ата-аналарын, тәрбиешілерін қарсы алған қор директоры Мақсатбек Қайырғалиев іс-шараның мақсатын түсіндірді.

«Құрметті балалар, ата-аналар, бүгін біздің «Дәстүр» этноауылымызда сіздер қазақтың ұлттық ойын, салт-дәстүрлері, киім-кешектерімен танысасыздар. Бұл шараны өткізудегі мақсатымыз – жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерге деген құрметін арттыру», - деді Мақсатбек Қайырғалиев.

Тәрбиелік мәні бар іс-шарада балаларға «Мерген» садақ ату клубының өкілдері садақ ату өнері жайында, бүркітті өсіріп, дұрыс баптау туралы белгілі құсбегі, Астана қаласының аға жаттықтырушысы, 5-ші Дүнежүзілік көшпенділер ойындарының алтын жүлдегері Серікбек Күнтуған жан-жақты мағлұмат берді. Сондай-ақ, «Дәстүр» этноауылында балалар алтыбақан теуіп, арқан тартысып, асық ойнап, ат әбзелдерімен танысып, өздерінің таным көкжиектерін кеңейтті. Қазақ үйде отырып ұлттық тағамдардан дәм татып, мәз-мейрам болды.

Осыдан соң балалар қазақтың ұлттық киімдерін киіп, ата-ана, тәрбиешілерімен бірге естелік суреттерге түсті. Өз кезегінде балалар мен олардың ата-аналары, тәрбиешілері ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорына балаларға еркеше әсер мен қуаныш сыйлағаны үшін алғысын айтты.

Қор реквизиті

АО "БанкЦентрКредит" Алматы

КФ «Фонд Закят ДУМК»

Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX

БИН 110540000991

KZ208560000005121039

КНП 119 (благотворительная помощь )

Байланыс:

Тел. 8 7172 99 9869

Моб: +7 778 407 08 50

 

 

Мекен-жайымыз:

010000, Астана қаласы, Қарасаз 3

Жаңалыққа жазылу

ОК

Әлеуметтік желілерде бізбен бірге болыңыздар

  • Онлайн Садақа беру
  • Зекет калькуляторы
  • Онлайн Зекет Виджеті
  • Онлайн өтініш қалдыру
  • Политика конфиденциальности
Copyrights © 2011-2024 Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы Зекет Қоры