“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры -

ҚР, Астана қаласы, Қарасаз 3

+7 778 407 08 50

  • Басқы бет
  • Қор туралы
  • Зекет туралы
  • Жаңалықтар
  • Eсеп
  • Жобалар
    • Мақалалар
  • Байланыс
Зекетті Online есептеу

«Зекет және қайырымдылық» қорының директоры – Жетісу өңірінде

  • Печать
  • Электронная почта
Опубликовано: 17 октября 2024
Просмотров: 216

ҚМДБ Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев өткен аптада қордың жалпы жұмыс барысын түсіндіру мақсатында Жетісу облысы Панфилов ауданына  арнайы екі күндік іссапармен барды.

Жоспарға сәйкес, Мақсатбек Мақсотұлы Жаркент қаласындағы Панфилов аудандық орталық мешітінде имам-молдалармен кездесіп, біліктілікті арттыру семинарын өткізді.

Қасиетті жұманың таңында исламның бес парызының бірі – зекетті насихаттау мақсатында Атамекен, Үлкеншыған, Кішішыған ауылдарының тұрғындарымен қырман басында жүздесіп, ұшыр жайында кеңінен  тоқталып, сауапты істен құр қалмау, кедей-кепшіктерге жәрдемдесу жайында уағыз-насихат айтып, алып жатқан өнімдеріне береке тіледі.

Сондай-ақ, қор директоры Мақсатбек Мақсотұлы мен облыс бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы «Жылу сыйла акциясы» аясында 3 тонна көмірден әлеуметтік жағдайы төмен 10 отбасыға сертификаттар табыстады. Осыдан соң орталық мешіттің жиналыс бөлмесінде ауданға танымал кәсіпкерлермен кездесіп, сұрақтарына жауап берді. Белсенді, дін жанашырларына алғыс хаттарын табыстап, сыйлықтарын ұсынды.

Елімізде қазан айының екінші жексенбісі «Мүгедектегі бар адамдар күні» болып белгіленуіне орай Мақсатбек Қайырғалиев бен облыстың бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы «Зекет және қайырымдылық» қорының Панфилов аудандық мамандарының ұйымдастыруымен №4 мектеп-интарнатына жақында ғана салып бітірген жаңа моншаның ашылуына қатысып, өз сыйлықтарын табыс етті. Тәрбиеленіп жатқан 30-ға жуық баланың жай-күйі, аталмыш мекеменің тыныс-тіршілігімен жақыннан танысып, осындағы балаларға қамқорлық танытып, тәрбиелеп отырған мекеме басшысы мен тәрбиеші ұстаздарға алғысын білдірді.

Кешкі құптан намазы уақытында Мақсатбек Қайырғалиев Жаркент қалалық «Елтай» мешітінің жамағатымен кездесіп, «Берілген нығметті бағалау, қадіріне жету» тақырыбында уағыз айтып, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Қор директоры сапарының соңы «Қайырымдылық жаршылары» атты өңірлік еріктілер форумымен түйінделді. Мақсатбек Мақсотұлы сауапты іске атсалысып, ерекше ықылас танытқан азаматтарға өз атынан алығыс хаттар табыстап, шынайы ризашылығын білдірді.

Қор реквизиті

АО "БанкЦентрКредит" Алматы

КФ «Фонд Закят ДУМК»

Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX

БИН 110540000991

KZ208560000005121039

КНП 119 (благотворительная помощь )

Байланыс:

Тел. 8 7172 99 9869

Моб: +7 778 407 08 50

 

 

Мекен-жайымыз:

010000, Астана қаласы, Қарасаз 3

Жаңалыққа жазылу

ОК

Әлеуметтік желілерде бізбен бірге болыңыздар

  • Онлайн Садақа беру
  • Зекет калькуляторы
  • Онлайн Зекет Виджеті
  • Онлайн өтініш қалдыру
  • Политика конфиденциальности
Copyrights © 2011-2024 Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы Зекет Қоры