“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры -

ҚР, Астана қаласы, Қарасаз 3

+7 778 407 08 50

  • Басқы бет
  • Қор туралы
  • Зекет туралы
  • Жаңалықтар
  • Eсеп
  • Жобалар
    • Мақалалар
  • Байланыс
Зекетті Online есептеу

ДІН ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІ БЕРІЛДІ

  • Печать
  • Электронная почта
Опубликовано: 26 ноября 2024
Просмотров: 124

Биыл көктемде еліміздің біраз аймағын алапат су тасқыны басқан кезде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Қайырымдылық жаршылары» еріктілер қозғалысының жұмысы анық көрінді. Ерекше атап өтерлігі, су тасқыны кезінде жергілікті халыққа көмек қолын созып, жәрдемші болған «Зекет және қайырымдылық» қорының Солтүстік Қазақстан облысындағы жауапты өкілі Қасымхан Исаевтың еңбегі зор болды.

Еңбегі лайықты түрде бағаланған дін қызметкері ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Нақты айтқанда, «Республика күніне» орай өткен салтанатты шарада СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мерекелік медальді Қасымхан Исаевтың кеудесіне тағып, игі тілегін жеткізді. Сонымен қатар, жақында дін жанашырының демеушілігімен қалалық «Қызылжар» мешітіне су жаңа көлік тарту етілді. Қасымхан Исаевтың айтуынша, бұл көлік мешіт қызметінен бөлек, «Зекет және қайырымдылық» қорының жұмысын да жеңілдетпек. Яғни, енді мешіт қызметкерлері аудандарға еш қиындықсыз қатынап, азаматтарға көмек көрсете алады. Соған орай, облыс бас имамы Хамзат Қажымұратұлы мен қалалық «Қызылжар» мешітінің бас имамы Қасымхан Исаев қолы ашық, жомарт жанға алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін 2022 жылы «Республика күніне» орай өткен салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қызылорда облысы бойынша жауапты өкілі Оңталап Тасболатұлы мен Жетісу облысы бойынша ерікті Қанат Егізовке «Шапағат» медалін кеуделеріне таққан болатын. Сонымен бірге, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Жетісу облысы бойынша жауапты өкілі Хұмар Хадыс ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының «Тұрақты даму мақсатының көшбасшылары» номинациясы бойынша дипломмен марапатталған.

Қор реквизиті

АО "БанкЦентрКредит" Алматы

КФ «Фонд Закят ДУМК»

Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX

БИН 110540000991

KZ208560000005121039

КНП 119 (благотворительная помощь )

Байланыс:

Тел. 8 7172 99 9869

Моб: +7 778 407 08 50

 

 

Мекен-жайымыз:

010000, Астана қаласы, Қарасаз 3

Жаңалыққа жазылу

ОК

Әлеуметтік желілерде бізбен бірге болыңыздар

  • Онлайн Садақа беру
  • Зекет калькуляторы
  • Онлайн Зекет Виджеті
  • Онлайн өтініш қалдыру
  • Политика конфиденциальности
Copyrights © 2011-2024 Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы Зекет Қоры