“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры -

ҚР, Астана қаласы, Қарасаз 3

+7 778 407 08 50

  • Басқы бет
  • Қор туралы
  • Зекет туралы
  • Жаңалықтар
  • Eсеп
  • Жобалар
    • Мақалалар
  • Байланыс
Зекетті Online есептеу

КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

  • Печать
  • Электронная почта
Опубликовано: 20 декабря 2024
Просмотров: 165

Ынтымақ пен бірлікті ту еткен мәдімарлық ағайын және «Ел үлесі пәтерге»  жобасы арқылы асарлатып үй салып көпке үлгі көрсетуде. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Болат Сағынбеков пен аудан бас имамы Қанат Жұмағұл тағы бір отбасын қуанышқа кенелткен сәтке куә болып, баспаналы болған көпбалалы отбасыны құттықтады.

Жобаның басты мақсаты - ауыл жұртшылығын жанашырлық пен бірлікке жұмылдырып, сол арқылы жас ұрпаққа өнеге көрсете отырып, әлеуметтік осал топтағы, көп балалы отбасылар мен мұқтаж жандарға үй соғып беру.

- Қазақта «Бірлік болмай тірлік болмас «деген сөзді бекерге айтпаған. Береке қай жерде орнаса, сол жерде құт пен ырыс қонақтайды. Ауыл халқы қай істе де ауызбіршілікті, ынтымақты ту етіп келеді. Шаруасы шираған ауылда береке бар, тындырымды іс бар. Тірліктеріне мығым мәдімарлықтардың өнегелі тірліктерін үлгі етуге тұралықтай, - деді өз сөзінде Болат Мырзаханұлы.

Айтулы шарада Жамбыл облысы мәслихатының депутаты, «Ауыл» партиясы Жамбыл облыстық өңірлік филиалының төрағасы, осы ауылдың тумасы Алтай Райқұлов, аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы, ауыл тұрғындары атынан ақсақалдар алқасының төрағасы Жамбыл Даулетов жүрекжарды лебіздерін арнады. Алтай Мақсұтұлы жаңа баспанаға кіргелі отырған отбасына тоңазытқыш, шаңсорғыш, қысқа толқынды пешті сыйға тарту етті.

Жаңа баспананың лентасы салтанатты түрде қиылып, ақ жаулықты аналар шашу шашты. Құтты болсын айтып келіп жатқан ауылдастардың көтеріңкі көңіл күйіне сіркірей жауған жаңбыр да бөгет бола алмады.
«Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 798 баспананың кілті Мәдімар ауылында көпбалалы тұрғынына пайдалануға беріліп отыр.

Көптің көмегімен салынған 6 бөлмелі үй жылу жүйесімен, таза ауыз сумен, газбен қамтылған. Қоныс тойын тойлап отырған 7 баланың ата-анасы көпшілікке алғыстарын жеткізді.

Материал asyldin.kz сайтынан алынды: https://asyldin.kz/article/view/id/36091.html

Қор реквизиті

АО "БанкЦентрКредит" Алматы

КФ «Фонд Закят ДУМК»

Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX

БИН 110540000991

KZ208560000005121039

КНП 119 (благотворительная помощь )

Байланыс:

Тел. 8 7172 99 9869

Моб: +7 778 407 08 50

 

 

Мекен-жайымыз:

010000, Астана қаласы, Қарасаз 3

Жаңалыққа жазылу

ОК

Әлеуметтік желілерде бізбен бірге болыңыздар

  • Онлайн Садақа беру
  • Зекет калькуляторы
  • Онлайн Зекет Виджеті
  • Онлайн өтініш қалдыру
  • Политика конфиденциальности
Copyrights © 2011-2024 Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы Зекет Қоры