Түркістан қаласында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында көпбалалы, жалғызбасты ана баспаналы болды. Осылайша республика бойынша аталмыш қайырымдылық акциясының 800 - баспана кілті берілді.
Айта кетейік, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында берілген баспана бес баланың анасы, жалғыз басты ана Сапаева Нигораға бұйырды.
“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том