“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры -

ҚР, Астана қаласы, Қарасаз 3

+7 778 407 08 50

  • Басқы бет
  • Қор туралы
  • Зекет туралы
  • Жаңалықтар
  • Eсеп
  • Жобалар
    • Мақалалар
  • Байланыс
Зекетті Online есептеу

БАС МҮФТИ «РАМАЗАН СЫЙЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МАРАФОНЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

  • Печать
  • Электронная почта
Опубликовано: 06 марта 2025
Просмотров: 130

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен еліміз бойынша «Рамазан сыйы» қайырымдылық марафоны басталды. Игі шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.

«Сан ғасырдан бері Ислам дінін ұстанып келе жатқан халқымыз Рамазан айын ерекше дайындықпен қарсы алған. Ағайынның басын қосып, ауызашар беру, жарапазан айтып, үлкеннің батасын алу, қиналған жандарға қол ұшын беріп, алғысына бөлену – халқымыздың сан жылдардан бері орындап келе жатқан игі амалдарының бірі. Бұл дәстүр мешіттерімізде де жоғары деңгейде жалғасып келеді.

Рамазан айында қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмектесу – үлкен сауапты іс. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетінде болады...» – деген.

Осыған байланысты біз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай қасиетті Рамазан айынан бастап еліміз бойынша «35 мың азық-түлік себетін тарату» акциясын қолға алдық. Игі жоба жыл бойы жалғасады. Қайырымдылық акция аясында мұқтаж жандарға тиісті әлеуметтік көмек көрсетіледі» деді Бас мүфти.

Діни басқарманың 35 жылдығына және Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған қайырымдылық марафонында 3500 отбасыға қажетті азық-түлік себеттері таратылды. Айта кетейік, қайырымдылық марафоны жыл соңына дейін жалғасып, барлығы 35 мың отбасыға азық-түлік себеттерін жеткізу жоспарланған. Ал бүгінгі игі іс-шараға бір мезетте еліміз бойынша мешіт имамдары, «Зекет және қайырымдылық» қорының қызметкерлері мен еріктілері, дін жанашырлары, демеуші азаматтар атсалысты.

Қор реквизиті

АО "БанкЦентрКредит" Алматы

КФ «Фонд Закят ДУМК»

Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX

БИН 110540000991

KZ208560000005121039

КНП 119 (благотворительная помощь )

Байланыс:

Тел. 8 7172 99 9869

Моб: +7 778 407 08 50

 

 

Мекен-жайымыз:

010000, Астана қаласы, Қарасаз 3

Жаңалыққа жазылу

ОК

Әлеуметтік желілерде бізбен бірге болыңыздар

  • Онлайн Садақа беру
  • Зекет калькуляторы
  • Онлайн Зекет Виджеті
  • Онлайн өтініш қалдыру
  • Политика конфиденциальности
Copyrights © 2011-2024 Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы Зекет Қоры