Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиұлы «Рамазан сыйы» қайырымдылық марафонына қатысты.
Наурызнаманың қайырымдылық күнінде ұйымдастырылған игі шарада кезекті 100 отбасына азық-түлік таратылды. Айта кетейік, ұлттық мейрамды тойлаудың жаңа форматына сәйкес 15 наурыз «қайырымдылық күні» деп жарияланған.
Сондай-ақ Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиұлы Қызылорда қаласында орналасқан «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылында қонақта болды. Қор басшысы балалар үйінің тыныс-тіршілігімен танысып, қасиетті Рамазан айымен және Наурыз мейрамымен құттықтады. Ұлттық мейрамның құрметіне ұлттық үлгідегі кеудешелерді тарту етті.
Айта кетейік, қордың Қызылорда облысы бойынша өкілдігі аталмыш мекемеге тұрақты көмек көрсетуді дәстүрге айналдырған. Қажеттіліктерімен қамтасыз етіп, үйлердің жөндеуден өтуіне ұйытқы болды.