“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры -

ҚР, Астана қаласы, Қарасаз 3

+7 778 407 08 50

  • Басқы бет
  • Қор туралы
  • Зекет туралы
  • Жаңалықтар
  • Eсеп
  • Жобалар
    • Мақалалар
  • Байланыс
Зекетті Online есептеу
Ұшыр дегеніміз не?
25
апр

Ұшыр дегеніміз не?

Ұшыр  – астық және жеміс-жидектің зекеті. «Ұшыр» сөзі араб тілінде «оннан бір» немесе «ондық» деген мағына береді.

Яғни жиналған астықтың оннан бірін немесе оннан бірінің жартысын зекет ретінде шығару керек болғандықтан, оны «ұшыр» немесе «ұшырдың жартысы» деп айтады.

Фиқһ ғұламалары Құрандағы:

«Әй, мүміндер! Табыстарыңның және сендер үшін жерден шығарған нәрселеріміздің жақсыларынан, тиісті орынға жұмсаңдар»[«Бақара» сүресі, 267- аят], – деген аят мағынасынан егістік өнімінің зекеті беріледі деген үкім шығарған. Хазірет Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Жаңбыр және теңіз суымен суғарылған егістік өнімінің онда бірін, шелекпен суарылған егістіктен жиырмада бірін ал»[Бұхари, Зекет, 55], – деп зекет мөлшерін белгілеген. Бұл хадисте бау-бақша мен егістік жер құдық суымен немесе су тартатын аппарат (насос) арқылы суғарылып, дәрі-дәрмек сеуіп, өнім алынатын болса, өнімнің 5%-ы зекет ретінде беріледі. Ал, егістік жаңбыр, канал, арық суымен суғарылса, өнімнің 10%-ы зекет ретінде алынады. Яғни, шығын көп болса, берілетін зекет мөлшері аз болады, ал шығын аз болған жағдайда берілетін зекет мөлшері көп болады. Әбу Ханифаның көзқарасында жоғарыдағы аят-хадистер егістік өнімінің барлық түрін қамтиды.

 

Зекет беру үшін егістік өнімдері Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммедтің көзқарасында бір жыл шірітпей сақтауға жарамды болуы керек. Бұл мәселеде Әбу Ханифаның көзқарасы негізге алынады. Әбу Ханифаның көзқарасында егістік өнімдері басқа дүние-мүлік сияқты белгілі бір нисап мөлшеріне (85г алтынның мөлшеріне) жетуі шарт емес.

Фикһ ғалымдарының көпшілігі ғұламалар Аллаһ расулының (с.а.с.):

«Бес уисақтан (= 653 кг.) аз нәрседе зекет жоқ»[Әбу Үбәйда, әл- Әмуал, 1422- 1424] – деген хадисіне жүгінеді. Яғни, бидай, арпа, күріш дақылдары қабықсыз, кебексіз аршылған күйінде бес уисаққа (= 653 кг.) жетсе, зекет парыз, ал бұдан аз болса, парыз емес деген.

Имам Малик пен Имам Шафиғидың көзқарасында зекеті берілетін жеміс-жидек құрма мен жүзім ғана. Имам Ахмад ибн Ханбал кептірілген жеміс түрлерінің барлығы жарамды деп қабылдаған.

Ханафи мәзһабында егіс өнімдерінен жылына бірнеше рет өнім алуға болатындықтан, бір жыл толу мен нисап шарты қосылмайды. Жер жалға алынса да, алған өнімдерінің зекеті беріледі.

 


Warning: count(): Parameter must be an array or an object that implements Countable in /var/www/vhosts/zeket.online/httpdocs/templates/tz_lawyer_justice/html/com_k2/default/item.php on line 215
  • 2742 times
  • Last modified on29, апреля 2022
  • Әлеуметтік желіде бөлісу

ОНЛАЙН САДАҚА ЖАСАУ


Размер пожертвования
200ТГ
500ТГ
1000ТГ
5000ТГ
Способ платежа
Банковская карта



Басқаша Садақаны қалай берсем болады?

Ол үшін сіз төменде көрсетілген нұсқалардың кез келгенімен Қаржылай қайырымдылық жасай аласыз:

1. QIWI төлем терминалдары арқылы

Оплата услуг-> Другие услуги-> Фонды помощи-> КФ "ФОНД ЗАКЯТ ДУМК"

2. Банктегі есепшот арқылы:
АО "БанкЦентрКредит" Алматы
КФ «Фонд Закят ДУМК»
Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX
БИН 110540000991
KZ208560000005121039
КНП 119 (благотворительная помощь )

Қор реквизиті

АО "БанкЦентрКредит" Алматы

КФ «Фонд Закят ДУМК»

Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX

БИН 110540000991

KZ208560000005121039

КНП 119 (благотворительная помощь )

Байланыс:

Тел. 8 7172 99 9869

Моб: +7 778 407 08 50

 

 

Мекен-жайымыз:

010000, Астана қаласы, Қарасаз 3

Жаңалыққа жазылу

ОК

Әлеуметтік желілерде бізбен бірге болыңыздар

  • Онлайн Садақа беру
  • Зекет калькуляторы
  • Онлайн Зекет Виджеті
  • Онлайн өтініш қалдыру
  • Политика конфиденциальности
Copyrights © 2011-2024 Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы Зекет Қоры