“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
Садақа сөзі Алла ризалығы үшін жасалған әрбір игі іс пен берілген затқа – садақа делінеді. Беріп жақтан садақамыздың шынайы Жаратушы Иеміздің разылығына бөлену ниетпен болуы қажет.
Ғалымдар садақаны Алланың разылығы үшін берілуі және қайтымын күтпеу керектігі айтылады. Бір адамға жасаған жақсылығымыздан немесе берген садақамыздан алған адамнан еш нәрсе күтпей, тіпті рахметте айтпауы әбден мүмкін, оған ренжімей ниетімізді, беретін садақамызды жалғастыра беру керек.
Мал-дүниемізден қайырымдылық жасаудың парыз етілгені зекет делінеді.(1) Ал ерікті қайырымдылық жасауды садақа дейміз. Сауабы үзілмей жалғасып тұратын садақаның атауын уақып садақасы делінеді. (2) Тіпті жақсы сөзіміз бен жасаған жақсылығымызда садақа болып есептелінеді.
Егер мұқтаж жанға мал-дүниемен беретін қайырымдылығымыз Алла разылығы үшін болса садақа болады. Ал егер мұқтаж жанға мал дүниемен беретін қайырымдылығымыз адам алдында оны ұлықтап және құрметке жету үшін жасалынса сыйлық болады. Садақа садақа деп аталуының себебі ниетінде.
Алла Тағала Құран Кәрімде момын-мұсылман пенделерін садақа етуге мүмкіндік берген. Мұнафиқұн сүресінің 10- ыншы аятында былай делінеді.
«Сендерден біреулеріңе өлім келіп: “Раббым! Мені жақын бір мерзімге дейін кешіктірсең де садақа беріп, ізгілерден болсам” деуден бұрын өздеріңе берген несібемізден тиісті орынға жұмсаңдар».
Күш-қуатың мен мал-дүниең барында еш нәрсені ойламай, садақа беруді еске де алмай, жүріп-жүріп өлім елшісі есікті қағып жібергенде, Құдайдан: "мені аздап өлтірме, садақа берейін және адамдар арасында ізгі амалдарды жасайын» дегеннен пайда болмай қалуы мүмкін. Бәлкім жас кезінде күш-қуатың барында ғибадаттарыңды өз уақытында орындап, ізгі амалдарды жасай отырып садақа беретін, жақсылық жасайтын адамдардан болу керек. Дәл сол кезде өлім елшісін ештеңеден қорықпай және ештеңеге өкінбей қарсы алады. Ия Жаратушы Иеміз берген ризық несібеден орын-орынға жұмсап тұрған жақсы болады. Және ол тым кеш болмайды.
Құранда Бақара сүресінің 271 –інші аятында: «Егер садақаларды көрнеу берсеңдер, сонда ол қандай жақсы. (басқаларға жетекшілік болады) Егер оны жасырын беріп әрі оны пақырларға берсеңдер, әрине сендер үшін сондада жақсы. (Алушының абыройы қорғалып, мақтан араласпайды.) Алла сендердің күнәларыңды жарылқайды. Сондай-ақ Алла істегендеріңді толық білуші» - деген. Осы аятта садақаны көрнеу де (ашық), жасырында жасауды мақтауда. Осы мазмұндағы басқа аяттар мен шарғи дәлелдерді топтап үйреніп шыққан ғалымдарымыз былай деп келтіреді; «садақа парыз (зекет) болса оны көрнеу (ашық) етіп беру ету жақсы, өйткені бұл жағдайда Алланың әміріне бойсұнғаны жария көрінеді және орындауы тиіс болған мұсылмандар осы садақа (зекет) парызды орындаудан қалып кетпеуді алдын алады. Ал егер садақа ерікті болса, оны жасырын жасағаны жақсы. Риядан және менмендіктен ұзақта болады. Аятта; «садақаларды көрнеу берсеңдер, сонда ол қандай жақсы...» деп парыз (зекет) садақасын , «егер оны жасырын беріп.....» деп ерікті берілетін садақа жайлы қарастырылып айтылуда. «Әрі оны пақырларға берсеңдер, әрине сендер үшін сондада жақсы....» яғни садақаның ең алуға лайықтылары кембағал-пақырлар. Исламда садақа қоғамдағы осындай топтарға қолдауы мен жәрдемі. Садақа ету мейлі ашық жариялы болсын, мейлі жасырын болсын әрдайым егесіне пайдасын (сауабы мен жақсылығын) тигізеді. «Алла сендердің күнәларыңды жарылқайды....». Бұл уәде өз кезегінде кісінің рухын тебірентіп, тақуалық сезімін арттырады. Әр бір ісімізге өзіне жараса марапатын немесе тауқыметін береді. Абдулла ибн Аббас (Алла оған разы болсын) осы аят түсіндірмесінде былай дейді: «Алла ерікті садақаны жасырын етуді жақсы көретіндігі. Бұл тұста жасырын етуі жария етуден жетпіс есе көп сауапқа еге болады. Парыз (зекет)садақаның ашық (жария) етуін жасырын жасағаннан жиырма бес мәрте абзал еткен»
Мәлім болғандай адамның тапқан мал-мүлкінен өз ықтиярымен басқа кісілерге садақа етуі оңай емес. Сол үшінде дайым ғибадатты таза шынайлықты ілгерілету үшін, адамдар көңілінде сараңдық, малға болған байлану сезімін жоғалту үшін керек болады. Екіншіден, сараңдық дәрежесіне жеткен кезде риякерлікті жоғалту үшін әрекет ету лазым болған болады. Мал жұмсауды жолға қоюдан бұрын, риядан қашуды жолға қою қиын екендігі өмірлік тәжирибеде кездеседі. Кісілердің қылған садақасын, жақсылығын адамдар білуін қалау адам табиғатының бір көрінісі.
Абдулла ибн Масғұд (Алла одан разы болсын): «Кім садақа жасаса, әлбетте, сұраушының қолына тиюден алдын Аллаға жетеді. Ал ол сұраушының қолына салған еді» деді және; «Білмейді ма екен, Әлбетте Алла өз пенделерінен тәубені қабыл етеді және садақаны алады». Момын-мұсылман пенде садақа етсе, садақа етіліп жатқан нәрсені бір мұқтажға беріп жатырмын деп ойламағаны дұрыс. Оның берген садақасы сұраушының немесе мұқтаждың қолына түспей тұрып, Аллаға жетеді. Бұл үлкен мәртебе. Аят, хадис, сахабалардың сөздеріне ерекше назар аударатын болсақ, демек садақа біз ойлағандай жай нәрсе емес екен. Садақа өте көңіл бөлетін нәрсе, оның үлкен кішісі яғни көбі мен азы болмайды. Дана халқымыздың «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», «Аз қайырымдылық жасаудан ұялма, өйткені, құр алақан қайтару одан да аз» деген ұлағатты сөздері қайырымды болу, жомарттық танытудың жақсылығы өзімізге болатындығын және аз болсада қайырымды іске үлес қосуға шақырған. Садақа пенденің имандылығының бір көрінісін растайтын амалдары мағынасын білдіреді. Кісінің иманы Аллаға сенімі зор, көңілінде (қалбында) істеп жатқан қайыр-ихсанның (жақсылықтың) сауабынан үміттену сезімі болса, әне сол берген садақасында сезімдердің шын екендігін растайды.
Рас, тәубемізді де садақамызда қабыл ететін тек бір Алла.
Икрима (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хадисте; «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Айша анамызға; « Садақа жаса, Әй Айша, бір дана құрма болсада, Өйткені аш қалғанды тойдырады және су отты өшіргендей қатені өшіреді» деп жеткізеді. Барлық нәрсені күйдіріп бара жатқан отты су өшіреді. Адамның екі дүниесін күйдіріп бара жатқан күнәларын садақа өшіріп отырады. Әлбетте, біліп-білмей қылған күнәларым мен қателерім өшіп тұрсын деген адам мұқтаж жандарға, пақыр-міскіндерге, жетім-жесірлерге т.б мұқтаж жандарға садақа етіп тұруы керек. Әне сонда мақсаттарға жетеді. Садақа жоғарыда айтқанымыздай үлкен көлемді болуы шарт емес. Бір дана құрма болсада садақа болып есептелінеді. Садақа қиналған адамның қажетін өтейді. Садақа еткен адамның қателігі өшеді. Құранда Сәба сүресінің 39 аятында: «Алла үшін не жұмсасандар, Ол оның есесін береді»,-деген. Мал-дүниемізге береке кіргізетін, ризық- несібеміз кеңейтуге себепші болатын садақа беретін жандардан етуді Алла баршамызға нәсіп етсін.
Жаратушы Иеміз беріп жатқан садақаларымыз қабыл етіп, отбасымызға, кәсіптерімізге берекетін жаудырсын.
Полатов Еркін Тұрғынұлы
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Түркістан облысы
бойынша жауапты өкілі
2.Уақыптың шариғатымыздағы мәні – белгілі бір мүлікті (жарамсыз болып қалғанға дейін) үздіксіз қайырымдылық жолында пайдалану. Мысалы, үзілмейтін садақа жасауды ниет еткен адам жылжымайтын мүлікті Алла жолында уақып етсе, оның игілігін мұқтаж жандар ұдайы көреді. Діни уақып дегеніміз – құлшылық жасауға, білім алуға арналған жылжымайтын мүліктер (мешіт, медресе, жоғары діни оқу орны, қайырымдылық мекемесі, т.б.). Сонымен қатар, қайырымдылық уақып бағыты да қарқын алды. Қайырымдылық уақып дегеніміз – жылжымайтын мүлік пен қаржы көздерін сауапты істерге жұмсау.
Ол үшін сіз төменде көрсетілген нұсқалардың кез келгенімен Қаржылай қайырымдылық жасай аласыз:
1. QIWI төлем терминалдары арқылы
Оплата услуг-> Другие услуги-> Фонды помощи-> КФ "ФОНД ЗАКЯТ ДУМК"
2. Банктегі есепшот арқылы:
АО "БанкЦентрКредит" Алматы
КФ «Фонд Закят ДУМК»
Kбе: 18 БИК: KCJBKZKX
БИН 110540000991
KZ208560000005121039
КНП 119 (благотворительная помощь )
АО "БанкЦентрКредит" Алматы
КФ «Фонд Закят ДУМК»
Kбе: 18 БИК: KCJBKZKX
БИН 110540000991
KZ208560000005121039
КНП 119 (благотворительная помощь )
Тел. 8 7172 99 9869
Моб: +7 778 407 08 50
Мекен-жайымыз:
010000, Астана қаласы, Қарасаз 3