“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры -

ҚР, Астана қаласы, Қарасаз 3

+7 778 407 08 50

  • Басқы бет
  • Қор туралы
  • Зекет туралы
  • Жаңалықтар
  • Eсеп
  • Жобалар
    • Мақалалар
  • Байланыс
Зекетті Online есептеу
Ақша мен тауардың зекеті қандай?
02
окт

Ақша мен тауардың зекеті қандай?

Жауап: Алла Тағала парыз еткен мөлшер – 2,5% пайызын зекет алуға лайықты кісіге парызды өтеу ниетімен немесе парыз мөлшерді шығару ниетімен береді.

Сұрақ: Парыз мөлшерді шығару ниеті деген не?

Жауап: Зекет шығарушының жыл аяғында жылдық табысының қотындысына есеп жүргізіп, зекетін бөлек шығарып қойып, қашан оған зекет алуға лайықты кісі келгенде не жолыққанда беремін деп ниеттенуі. Парызды  өтеуге бұл ниет те жарайды. Кедей, міскіндер келгенде сол зекетінен береді.

Сұрақ: Зекет беретін мөлшерге ие болған адам бір жыл ішінде қосымша мал тапса  одан да зекет шығара ма?

Жауап: Қосымша түскен пайданы өз ақшасына қосып зекетін шығарады.

Сұрақ: Жыл өтпей жатып зекетін ертерек берсе бола ма?

Жауап: Зекетін жылға толмай тұрып есептеп шығарса болады.

Сұрақ: Бір кісінің ақшасы зекет мөлшеріне жетіп, тиісті зекетін шығарғаннан соң келесі жылы ақшасы зекет беретін мөлшерден азайып қалса зекет парыз бола ма?

Жауап: Мал-мүлкі зекет беру мөлшеріне жыл толмай тұрып жеткен болса зекет беру парыз. Мал-мүлкі жылдың басында және аяғында зекет беру мөлшеріне жетсе жыл ортасында азаюы әсер етпейді.

Сұрақ: Бір кісінің сауда жасап жүрген тауарлары зекет беретін мөлшерге жетпесе, бірақ алтын, күмісі бар болса зекет бере ме?

Жауап: Тауарлары мен алтын-күмісін қоса есептегенде зекет беретін мөлшерге жетсе зекет береді.

Сұрақ: Бір адамның зекет беретін мөлшерге жетпейтін алтыны мен тағы сондай мөлшердегі күмісі болса зекет бере ме?

Жауап: Иә, зекет береді. Алтын мен күмістің бағаларын қосы есептегенде зекет беретін мөлшерге жетсе зекетін шығарады. Бұл Әбу Ханифаның көзқарасы. Ал, Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің пікірінше бұлардың бағалары емес, зекет беретін салмақтары қоса есептелініп шығарылады.

Сұрақ: Осы жағдайды тарқатып, мысалмен түсіндіруге бола ма?

Жауап: Мысалы, бір кісінің жүз дирхем күмісі мен жүз дтирхемге тең бес мысқал алтыны болса, Әбу Ханифаның пікірі бойынша зекет беріледі, ал Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің көзқарастары бойынша берілмейді. Себебі, Әбу Ханифаның пікірі бойынша алтын мен күмістің бағаларын қоса есептегенде ол зекет беретін мөлшерге жетеді. Ал, екі ғалымның пікірлері бойынша зекет берілмейді. Өйткені екеуін қоса есептегенде зекет беретін салмаққа жетпейді.

Ал, егер бір кісіде жүз дирхем күміс пен жүз дирхем күміс салмағына тең болатын он мысқал алтыны болатын болса екі көзқарас бойынша да зекет беріледі. Өйткені екі жолмен есептегенде де жалпы салмағы да, құны да зекет беретін мөлшерге жетеді.


Warning: count(): Parameter must be an array or an object that implements Countable in /var/www/vhosts/zeket.online/httpdocs/templates/tz_lawyer_justice/html/com_k2/default/item.php on line 215
  • 14008 times
  • Last modified on02, октября 2018
  • Әлеуметтік желіде бөлісу

ОНЛАЙН САДАҚА ЖАСАУ


Размер пожертвования
200ТГ
500ТГ
1000ТГ
5000ТГ
Способ платежа
Банковская карта



Басқаша Садақаны қалай берсем болады?

Ол үшін сіз төменде көрсетілген нұсқалардың кез келгенімен Қаржылай қайырымдылық жасай аласыз:

1. QIWI төлем терминалдары арқылы

Оплата услуг-> Другие услуги-> Фонды помощи-> КФ "ФОНД ЗАКЯТ ДУМК"

2. Банктегі есепшот арқылы:
АО "БанкЦентрКредит" Алматы
КФ «Фонд Закят ДУМК»
Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX
БИН 110540000991
KZ208560000005121039
КНП 119 (благотворительная помощь )

Қор реквизиті

АО "БанкЦентрКредит" Алматы

КФ «Фонд Закят ДУМК»

Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX

БИН 110540000991

KZ208560000005121039

КНП 119 (благотворительная помощь )

Байланыс:

Тел. 8 7172 99 9869

Моб: +7 778 407 08 50

 

 

Мекен-жайымыз:

010000, Астана қаласы, Қарасаз 3

Жаңалыққа жазылу

ОК

Әлеуметтік желілерде бізбен бірге болыңыздар

  • Онлайн Садақа беру
  • Зекет калькуляторы
  • Онлайн Зекет Виджеті
  • Онлайн өтініш қалдыру
  • Политика конфиденциальности
Copyrights © 2011-2024 Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы Зекет Қоры