“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры -

ҚР, Астана қаласы, Қарасаз 3

+7 778 407 08 50

  • Басқы бет
  • Қор туралы
  • Зекет туралы
  • Жаңалықтар
  • Eсеп
  • Жобалар
    • Мақалалар
  • Байланыс
Зекетті Online есептеу
Зекетке қатысты өзге қандай мәселелер бар?
02
окт

Зекетке қатысты өзге қандай мәселелер бар?

Сұрақ: Түйе мен сиырдың төлдері туралы Әбу Ханифаның пікірі қалай?

Жауап: Әбу Ханифа мен Мұхаммедтің пікірінше бота, бұзау мен қозы-лақтан ештеңе берілмейді. Ал, Әбу Юсуф саны көп болса төлдерден біреуі зекетке беріледі деген.

Сұрақ: Зекет жинаушы зекет алуға барғанда малдың арасынан зекетке лайықты жастағылары болмаса не істейді?

Жауап: Жасырағын алып, үстеме баға қостырады немесе үлкенірегін алып, артық бағасын қайтарады.

Сұрақ: Зекет жинаушы зекетке малдың ең жақсыларын ала ма, әлде нашарларын ала ма?

Жауап: Бұл екі түрін де алмайды. Орташаларын алады.

Ескерту: Түйеден еркектерін, мысалы, екі жасар бураны зекетке алмайды. Тек ұрғашы түйелердің орнына бағалап беруге болады. Ал, сиыр мен қой-ешкіден еркегін де, ұрғашысын да алуға болады.

Сұрақ: Малдың зекет берілетін мөлшері қалып, артығы жұтқа ұшыраса, зекеті толық беріле ме, әлде жұтқа ұшырағанның есебінен кемітіп беріле ме?

Жауап: Әбу Ханифа мен Әбу Юсуфтің пікірінше зекет негізінде зекет алатын мөлшерден (нисабтан) ғана алынады, артығынан алынбайды. Артығы жойылса да мөлшері парызға жетсе зекет беру парыз болады. Ал, Мұхаммед пен Зуфар жұт болғаны үшін зекет беру мойнынан түседі деген.

Сұрақ: Дәлірек айтқанда қалай?

Жауап: Оған бір мысалы келтірейік. Бір адамның қолында бір жыл тоғыз түйе болды делік. Сонан соң оның төртеуі жұттан т.б. апаттардан шығын болды. Сонда оның қолында бес түйе қалды. Бес түйе нисабқа жетеді. Ереже бойынша бес түйеден аспаса бір қой зекетке берілуі тиіс. Мұнда жойылғаны зекет мөлшерінен асқан артық мал үкімінде болады. Сөйтіп қалғанының зекеті шығарылады. Бұл Әбу Ханифа мен Әбу Юсуфтің пікірі. Ал, Мұхаммед пен Зуфардың пікірі бойынша қалғанынан тоғыздан бес мөлшердегі зекет шығарылуы тиіс. Бұл екі ғұлама бір қойды тоғыз түйеге деп есептейді. Өлген төрт түйені барлық малдың есебіне жатқызды. Сөйтіп, жойылғанның есебінен  парызды бәрінен түсіреді.

Екінші мысал: бір адамда сексен қой болды. Бір жыл өткен соң қойы жұтқа ұшырады. Әбу Ханифа мен Әбу Юсуфтың пікірінше қалғанынан зекетке бір қой берілу керек. Ал, Мұхаммад пен Зуфарды зекет мөлшері жарты қой, сондықтан зекет берілмейді. Егер сексен қойдың алпысы қырылса мұндағы зекет мөлшері Әбу Ханифа мен Әбу Юсуфта жарты қой, Мұхаммед пен Зуфарда қойдың төрттен бірі. Зекет мөлшерінде мұндай мөлшерлер белгіленбегендіктен зекет парыз болмайды.


Warning: count(): Parameter must be an array or an object that implements Countable in /var/www/vhosts/zeket.online/httpdocs/templates/tz_lawyer_justice/html/com_k2/default/item.php on line 215
  • 4482 times
  • Last modified on02, октября 2018
  • Әлеуметтік желіде бөлісу

ОНЛАЙН САДАҚА ЖАСАУ


Размер пожертвования
200ТГ
500ТГ
1000ТГ
5000ТГ
Способ платежа
Банковская карта



Басқаша Садақаны қалай берсем болады?

Ол үшін сіз төменде көрсетілген нұсқалардың кез келгенімен Қаржылай қайырымдылық жасай аласыз:

1. QIWI төлем терминалдары арқылы

Оплата услуг-> Другие услуги-> Фонды помощи-> КФ "ФОНД ЗАКЯТ ДУМК"

2. Банктегі есепшот арқылы:
АО "БанкЦентрКредит" Алматы
КФ «Фонд Закят ДУМК»
Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX
БИН 110540000991
KZ208560000005121039
КНП 119 (благотворительная помощь )

Қор реквизиті

АО "БанкЦентрКредит" Алматы

КФ «Фонд Закят ДУМК»

Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX

БИН 110540000991

KZ208560000005121039

КНП 119 (благотворительная помощь )

Байланыс:

Тел. 8 7172 99 9869

Моб: +7 778 407 08 50

 

 

Мекен-жайымыз:

010000, Астана қаласы, Қарасаз 3

Жаңалыққа жазылу

ОК

Әлеуметтік желілерде бізбен бірге болыңыздар

  • Онлайн Садақа беру
  • Зекет калькуляторы
  • Онлайн Зекет Виджеті
  • Онлайн өтініш қалдыру
  • Политика конфиденциальности
Copyrights © 2011-2024 Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы Зекет Қоры