Әлемдердің Раббысы болған, бізге Ислам, иман атты ең ұлық нығметтерін нәсіп етіп, сан түрлі ырыздық-несібесімен ризықтандырған
“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
Әлемдердің Раббысы болған, бізге Ислам, иман атты ең ұлық нығметтерін нәсіп етіп, сан түрлі ырыздық-несібесімен ризықтандырған
әрі мұсылман үмметінен қылған Алла Тағалаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болғай. Жаратушы Иеміздің соңғы елшісі, сүйікті Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын), оның отбасына, сахабаларына және қияметке дейін оларға ізгілікте ерген күллі мұсылмандарға Алла Тағаланың салауат сәлемдері болсын.
Зекет сөзінің арап тіліндегі атауы – «الزكاة». Зекет ұғымы лексикада тазару, өсу, өну, арту және береке деген мағыналарды білдіреді.Оның тілдік мағынасы: тазару, өсу, өну, арту және береке.
Шариғи терминологияда: «Шариғат иесінің белгілеуі бойынша, белгілі мөлшердегі мүліктің, белгілі бір бөлігін Алла Тағаланың ризашылығын қалап, белгілі кісінің меншігіне беру» деп түсіндіріледі.
Алла Тағала зекетті Ислам дінінің негіздерінің бірі ретінде бекітті және өзінің кітәбі Құранда, оны бірнеше мәрте маңыздылығы жағынан Алладан басқа Құдай жоқ деген куәлік сөзінен кейін, екінші дәрежеде тұратын,намаз құлшылығымен қатар атап өтті. Мысалы Жаратушы Иеміз Құран Кәрімде былай деп баян етеді:
وَأَقِيمُوا الصَّلَاةَ وَآتُوا الزَّكَاةَ
«Әрі намазды /барлық шарттарын сақтап, беріле/ толық орындаңдар, зекетті беріңдер» (Бақара, 43-аят).
Сонымен қатар Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) зекет құлшылығына қатысты былай деген:
بُنِيَ الإِسْلامُ عَلَى خَمْسٍ : شَهَادَةِ أَنْ لا إِلَهَ إِلا اللَّهُ، وَأَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ، وَإِقَامِ الصَّلاةِ، وَإِيتَاءِ الزَّكَاةِ، وَصَوْمِ شَهْرِ رَمَضَانَ، وَحَجِّ الْبَيْتِ
«Ислам бес нәрсеге негізделген: Алладан басқа құдай жоқ екендігіне және Мұхаммед Оның елшісі екендігіне куәлік беруге, намазды орындауға, зекет төлеуге, рамазан оразасын ұстауға, шамасы келген кісіге Алланың үйіне қажылық қылуына,» (Имам Бұхари, имам Муслим жеткізді).
Зекет міндетіне немқұрайлы қарайтын кісілірге қатысты, Алла Тағала өте қатал түрде ескерту жасап, былай деп үн қатады:
وَالَّذِينَ يَكْنِزُونَ الذَّهَبَ وَالْفِضَّةَ وَلَا يُنفِقُونَهَا فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَبَشِّرْهُم بِعَذَابٍ أَلِيمٍ
«Ендеше, /ашкөздікке салынып/ алтын мен күмісті үсті-үстіне жиып, оны Алла жолында жұмсамайтындарды жан төзгісіз азаппен сүйіншіле» (Тауба, 34-аят).
Бұл аяттағы Алла жолында мал-мүлік жұмсау дегеннің мағынасы – зекет беруді білдіреді. Ахнаф ибн Қайстың былай деп айтқаны риуаят етілген: «Бірде мен, бірнеше құрайштыққтардың арасында болғанымда, Абу Зар (р.а.) жанымыздан өтіп бара жатып, былай деді: «Алтын мен күмісті көптеп жиятын кісілердің, бүйірлерінен тесіп шыққанға дейін арқаларына қыздырылған ыстық темірмен таңба басылатындығын және маңдайларынан тесіп шыққанға дейін, желкелеріне де дәл солай таңба басылатындығын айтып сүйіншілеңдер»» (Имам Бұхари, имам Муслим жеткізді). Зекет мәселесіне осыншалықты ерекше мән берілгендігін ескерер болсақ, Ислам дінінің негізгі міндеттерінің бірі, зекеттің мән-маңызын түрлі қырларынан түсіндіру.
إِنَّمَا الصَّدَقَاتُ لِلْفُقَرَاءِ وَالْمَسَاكِينِ وَالْعَامِلِينَ عَلَيْهَا وَالْمُؤَلَّفَةِ قُلُوبُهُمْ وَفِي الرِّقَابِ وَالْغَارِمِينَ وَفِي سَبِيلِ اللَّهِ وَابْنِ السَّبِيلِ ۖ فَرِيضَةً مِّنَ اللَّهِ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ
«Анығында садақалар /зекеттер/ жоқ-жітікке, кедейлерге, және оған /зекетті жинауға/ қатысты жұмыс істеушілерге, жүректері бұрылатындарға /ислам дінін жаңа қабылдағандарға/, құлдарды азат етуге, қарызы барларға, Алла жолына және /жолда қалған/ жолаушыға, Алла тарапынан /белгіленген/ бір парыз ретінде, /осыларға/ тән. Алла бәрін Білуші, аса Дана» (Тәубе, 60-аят).
إِنَّ اللَّهَ اشْتَرَى مِنَ الْمُؤْمِنِينَ أَنْفُسَهُمْ وَأَمْوَالَهُمْ بِأَنَّ لَهُمُ الْجَنَّةَ
«Расында, Алла мүміндерден жандары мен мал-мүліктерін /байлықтарын/ сатып алып, жұмақпен айырбастады» (Тәубе, 111-аят).
Бұл аятта, Құдыретті де Ұлы Алла Тағаламен қауышуды мұрат еткен кісіге, өз өмірін де құрбан қылуға дайын болуы қажет екендігі және жаныңды құрбан етуден қарағанда, жиған-терген өз байлығыңды құрбан қылу әлде-қайда жеңілірек екендігі білдірілуде. Сондықтан, жалпы адамдар мал-мүлік пен байлықты құрбан етудің не екендігін түсінгеннен кейін, үш топқа бөлінді. Бірінші топтағылар, өздерінің тек бір Аллаға ғана деген бойұсынушылықты ұстанатындықтарын растау мақсатында, өздеріне не динар да, не дерхем де қалдырмай, байлықтарынан түгелдей бас тартты. Бұған қатысты Әбу Бәкірді (Алла оған разы болсын) мысалға келтіруге болады. Мәселен ол өзінің иелік еткен барлық байлығын Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алып келіп, зекет ретінде берген болатын.
Екінші топқа қатысты адамдар, байлықтарының бір бөлігін зекет ретінде беріп, қалғанын орайы келген уақытта, басқа да игі қайырымдылық іс-шараларына беруге сақтап қоятын болған. Мұндай кісілер зекетті төлеумен ғана шектелмеген. Мысалы, табиғиндердің қатарына кіретін ән-Нахағи, әш-Шағби, Ато және Муджаһид сынды (Алла оларға разы болсын) кейбір ғұламалар, өз қаражатыңнан тек зекет берумен ғана шектелмей, басқа да игіліктерге жұмсау қажет деген тұжырымды ұстанған. Мәселен, бірде әш-Шағбиден, тек зекет берумен ғана шектелмей, белгілі бір қаражатты, басқа да игілік істеріне жұмсауға бола ма деп сұрағанда, Ол: «Ия, болады! Сен не, Құдыретті де Күшті Ұлы Алла Тағаланың былай деп айтқанын:
وَآتَى الْمَالَ عَلَىٰ حُبِّهِ ذَوِي الْقُرْبَىٰ وَالْيَتَامَىٰ وَالْمَسَاكِينَ وَابْنَ السَّبِيلِ وَالسَّائِلِينَ وَفِي الرِّقَابِ
«Мал-дүниесін өзі жақсы көрсе де жақындарына, жетімдерге, кедейлерге, /жолда қалған/ жолаушыға, қайыр сұрағандарға және құлды азат етуге беруде»,-естімеп пе едің?»-деген екен. Сонымен қатар олар өз ұстанымдарына дәлел ретінде, Құранның мына аятын да қолданған:
وَمِمَّا رَزَقْنَاهُمْ يُنفِقُونَ
«Әрі олар, Біз берген ризықтан жұмсайды» (Бақара, 3-аят). Осы Құранның аяттарында айтылғанның бәрі мұсылмандардың бір-біріне деген қарым-қатынас міндеттеріне жатады. Ашып айтқанда, егер де, мұң-мұқтажсыз бір бай кісі басқа бір мұқтаж жанды кездестіріп қалған жағдайда, сол дәулетті кісі зекет ретінде беріп жүрген байлығынан тыс, қаражат жұмсау арқылы, әлгі міскіннің мұқтаждығын өтеумен, жоқшылығынан құтқаруы тиіс.
Ал енді үшінші топтағыларға келер болсақ, бұл топқа өз байлықтарынан не артық не кем жұмсамай, тек өзінің белгіленген мөлшеріндегі зекетті төлеумен ғана шектелген жандар жатады. Жалпы жер бетіндегі адамдардың көбісі осы топқа жатады. Олар мал-мүлік пен байлық иесі бола тұра, оны игілік жолында жұмсауға,сараңдық танытып, ал оған қол жеткізу үшін, бар ынта-жігерімен атылған оқтай ұмтылады да, ақырғы мәңгі өмірді лайықты түрде жақсы көрмейді.
وَمَن يُوقَ شُحَّ نَفْسِهِ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ
«Кім өзінің сараңдығынан сақталған болса, міне, солар – табысқа жетушілер» (Хашр, 9-аят). Алайда бұл сараңдық сипатынан, тек қаражат жұмсау әдеті арқылы ғана сақтануға болады. Себебі, нәпсісінің байлықты қимай қиналғандығына қарамай, одан қол үзуді әдетке айналдырған жағдайда ғана мал-мүлікке деген махаббаттан құтылуға болады. Сондықтан осы тұстан алып қарағанда, зекет – тазарудың құралы болып табылады. Өйткені ол зекет берушіні сараңдық сыйпатынан тазалайды. Ал адам баласының ар ождан тазалығының дәрежесі, оның қанша қаражат бергендігімен және оны Алланың разылығы үшін жұмсағандығына қаншалықты қуанғандығынан байқалады.
﴿ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ لاَ تُبْطِلُواْ صَدَقَاتِكُم بِالْمَنِّ وَالأذَى كَالَّذِي يُنفِقُ مَالَهُ رِئَاء النَّاسِ وَلاَ يُؤْمِنُ بِاللّهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ ﴾
«Әй, иман келтіргендер! Мал дүниесін адамдарға рия /көрсету/ үшін жұмсап, Аллаға және Қиямет күніне сенбейтін біреу секілді садақаларыңды міндетсіну әрі ренжіту арқылы зая кетірмеңдер!..» (Бақара, 264-аят).
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا أَنفِقُوا مِن طَيِّبَاتِ مَا كَسَبْتُمْ وَمِمَّا أَخْرَجْنَا لَكُم مِّنَ الْأَرْضِ ۖ وَلَا تَيَمَّمُوا الْخَبِيثَ مِنْهُ تُنفِقُونَ وَلَسْتُم بِآخِذِيهِ إِلَّا أَن تُغْمِضُوا فِيهِ ۚ وَاعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ غَنِيٌّ حَمِيدٌ
«Ей, иманға келгендер! Тапқандарыңның және Біз сенднрге жерден шығарып бергеніміздің жақсыларынан /садақа етіп/жұмсаңдар. Әрі көздеріңді жұмып тұрып болмаса, өздерің де алмайтын нашар нәрсені жұмсауға талпынбаңдар. Әрі, Алланың аса Бай /Ғани/, өте Мақтаулы /Хамид/ екенін біліңдер» (Бақара, 267-аят ).
إِن تُبْدُوا الصَّدَقَاتِ فَنِعِمَّا هِيَ ۖ وَإِن تُخْفُوهَا وَتُؤْتُوهَا الْفُقَرَاءَ فَهُوَ خَيْرٌ لَّكُمْ ۚ
«Егер садақаларды ашық түрде берсеңдер жақсы. Ал, егер оны /бергендеріңді/ жасырсаңдар әрі оны кедейлерге берсеңдер, ол өздерің үшін қайырлы» (Бақара, 271-аят).
لِلْفُقَرَاءِ الَّذِينَ أُحْصِرُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ لَا يَسْتَطِيعُونَ ضَرْبًا فِي الْأَرْضِ يَحْسَبُهُمُ الْجَاهِلُ أَغْنِيَاءَ مِنَ التَّعَفُّفِ تَعْرِفُهُم بِسِيمَاهُمْ لَا يَسْأَلُونَ النَّاسَ إِلْحَافًا ۗ
«/Қайыр-садақаны/ Алла разы болатын іс-амалдарымен айналысып, мұқтаждық көрген кедейлерге /беріңдер/. Олардың өзге жерге баруға шамалары келмейді, білмейтіндер оларды қанағатшылықтары себепті, бай деп есептейді. Оларды белгілі сипаттарынан танисың: олар адамдардан тілемсектеніп сұрамайды» (Бақара, 273-аят).
اَلْحَمْدُ للهِ اَلْحَمْدُ للهِ اَلْحَمْدُ للهِ الَّذِي هَدَانَا لِلْإِيمَانِ وَالْإِسْلاَمِ. وَجَعَلَنَا مِنْ أُمَّةِ مُحَمَّدٍ عَلَيْهِ الصَّلاَةُ وَالسَّلاَمُ. وَفَضَّلَ الْجُمُعَة عَلَى سَائِرِ الْأَيَّامِ. كَمَا جَاءَ فِى الْأَخْبَارِ أَنَّ الْجُمُعَةَ حَجُّ الْمَسَاكِينِ وَسَيِّدُ الْأَيَّامِ. نَشْهَدُ أَنْ لاَ إِلَهَ إلاَّ اللهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ شَهَادَةً مُوصِلَةً إِلَى دَارِ السَّلاَمِ. وَنَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ سَيِّدُ الْأَنَامِ. صَلَّى اللهُ تَعَالَى عَلَيْهِ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ الْبَرَرَةِ الْكِرَامِ. خُصُوصًا مِنْهُمْ عَلَى أَبِي بَكْرٍ الصِّدِّيقِ وَعُمَرَ الْفَارُوقِ وَعُثْمَانَ ذِى النُّورَيْنِ وَعَلِىٍّ الْمُرْتَضَىۤ أَئِمَّة. رِضْوَانُ اللهِ تَعَالَى عَلَيْهِمْ أَجْمَعِينَ. أمَّا بَعْدُ. أَيُّهَا النَّاسُ أُوصِيكُمْ عِبَادَ اللهِ وَنَفْسِيَ أَوَّلاً بِتَقْوَى اللهِ.
أَعُوذُ بِاللهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ. بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ.
إِنَّمَا الصَّدَقَاتُ لِلْفُقَرَاءِ وَالْمَسَاكِينِ وَالْعَامِلِينَ عَلَيْهَا وَالْمُؤَلَّفَةِ قُلُوبُهُمْ وَفِي الرِّقَابِ وَالْغَارِمِينَ وَفِي سَبِيلِ اللَّهِ وَابْنِ السَّبِيلِ ۖ فَرِيضَةً مِّنَ اللَّهِ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ
صَدَقَ اللهُ الْعَظِيمُ
Алла Тағала «Тәубе» сүресінің 60-аятында:
«Анығында садақалар /зекеттер/ жоқ-жітікке, кедейлерге, және оған /зекетті жинауға/ қатысты жұмыс істеушілерге, жүректері бұрылатындарға /ислам дінін жаңа қабылдағандарға/, құлдарды азат етуге, қарызы барларға, Алла жолына және /жолда қалған/ жолаушыға, Алла тарапынан /белгіленген/ бір парыз ретінде, /осыларға/ тән. Алла бәрін Білуші, аса Дана» – деп баяндаған.
Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) зекет құлшылығына қатысты былай деген:
بُنِيَ الإِسْلامُ عَلَى خَمْسٍ : شَهَادَةِ أَنْ لا إِلَهَ إِلا اللَّهُ، وَأَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ، وَإِقَامِ الصَّلاةِ، وَإِيتَاءِ الزَّكَاةِ، وَصَوْمِ شَهْرِ رَمَضَانَ، وَحَجِّ الْبَيْتِ
«Ислам бес нәрсеге негізделген: Алладан басқа құдай жоқ екендігіне және Мұхаммед Оның елшісі екендігіне куәлік беруге, намазды орындауға, зекет төлеуге, рамазан оразасын ұстауға, шамасы келген кісіге Алланың үйіне қажылық қылуына» – деген. (Имам Бұхари, имам Муслим жеткізді).
Құрметті жамағат! Алла Тағала күнәларымызды кешіріп, Оған шынайы иман келтірген құлдарының қатарынан етіп, жәннатын нәсіп еткей! Әмин!
بَارَكَ اللهُ لَنَا وَلَكُمْ فِى الْقُرْآنِ الْعَظِيمِ. وَنَفَعَنَا وَإِيَّاكُمْ بِالْآيَاتِ وَالذِّكْر الْحَكِيمِ. إِنَّهُ هُوَ الْغَفُورُ الرَّحِيمُ. اَلْجَوَادُ الْكَرِيمُ الْعَلِىُّ الْعَظِيمُ السَّمِيعُ الدُّعَاءِ.
Қысқа отырыстан кейін:
اَلْحَمْدُ للهِ نَحْمَدُهُ وَنَسْتَعِينُهُ وَنُؤْمِنُ بِهِ وَنَتَوَكَّلُ عَلَيْهِ. وَنَعُوذُ بِاللهِ مِنْ شُرُورِ أَنْفُسِنَا وَمِنْ سَيِّئَاتِ أَعْمَالِنَا مَنْ يَهْدِ اللهُ فَلاَ مُضِلَّ لَهُ. وَمَنْ يُضْلِلْ فَلاَ هَادِيَ لَهُ. نَشْهَدُ أَنْ لاَ إلَهَ إِلاَّ اللهُ وَنَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ صَلَّى اللهُ تَعَالَى عَلَيْهِ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِينَ. وَارْحَمْنَا مَعَهُمْ وَاحْشُرْنَا مِنْهُمْ بِرَحْمَتِكَ يَا أَرْحَمَ الرَّاحِمِينَ.
Бақытбек Нұрғабылұлы,
ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша өкіл имамы
Ол үшін сіз төменде көрсетілген нұсқалардың кез келгенімен Қаржылай қайырымдылық жасай аласыз:
1. QIWI төлем терминалдары арқылы
Оплата услуг-> Другие услуги-> Фонды помощи-> КФ "ФОНД ЗАКЯТ ДУМК"
2. Банктегі есепшот арқылы:
АО "БанкЦентрКредит" Алматы
КФ «Фонд Закят ДУМК»
Kбе: 18 БИК: KCJBKZKX
БИН 110540000991
KZ208560000005121039
КНП 119 (благотворительная помощь )
АО "БанкЦентрКредит" Алматы
КФ «Фонд Закят ДУМК»
Kбе: 18 БИК: KCJBKZKX
БИН 110540000991
KZ208560000005121039
КНП 119 (благотворительная помощь )
Тел. 8 7172 99 9869
Моб: +7 778 407 08 50
Мекен-жайымыз:
010000, Астана қаласы, Қарасаз 3