“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
Қайырымдылық пен садақа беріп адамдарға жақсылық жасау, мұқтаж жандарға қолындағы мүмкіндігіне қарай, тек Алланың разылығын ойлап, ешқандай алғыс немесе мақтау
күтпестен риясыз жәрдем етіп, көмек қолын созу – жоғары адамгершілік қасиет.
Ондай жандар «Ризықтың иесіде оны беруші де тек қана Алла», деп сол бойынша амал еткендіктен, жүректері пәк әрі пейілдері бай болады. Қандай жағдайда болмасын айналасындағылар үшін пайдалы болуға тырысып бағады. Тіпті қиналып тұрса да, өзіне тапшы, зәру нәрсесін басқа адамға беруді қалайды.
Пайғамбарымыз (с.а.с) «Садақа мал – дүниені кемітпейді, керісінше оны молайтады»,-деген, (Сахих Муслим). Садақа – мал дүниеге береке дарытып, одан әр түрлі жамандықтарды аулақтатады және садақа берген адам басқаларға да артықша ризық несібе алуына мүмкіндігін ашып, мұқтаждарды тамақтандырып және сол арқылы Алла тағаланың жаннатына лайықты сүйікті құл бола алады. Ендеше дүние – байлықтың азғантай ғана бөлігін өзгелерге қиып бергендігін, осындай ұлы жемістерге алмастырып алудан артық ешнәрсе жоқ.
Мал-мүлік игілік үшін жұмсалмаса да, оның күнәлі жолдарда сарп етіліп жатқан жәйттер жетерлік. Адам өзіне берілген құнды нығметтерді босқа емес, орынды жерге жұмсауы ләзім.
Қасиетті Құранда: «…өздеріне берген несібемізден нәпақа қылады(береді)» (Бақара сүресі, 3-аят); «Ізгілік жүздерінде шығысқа не батысқа қарату емес. Асыл ізгілік ол кім Аллаһқа, ақырет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтіреді. Жақындарына, жетімдерге, міскіндерге, жолда қалғандарға, қайыршыларға және құл азат етуге жақсы көріп тұрып мал сарып қылады, намаз оқиды, зекет береді…»,-делінген (Бақара сүресі 177-аят). Соңғы аяттағы «жақсы көру» сөзінің мағынасы, тәпсір ғұламаларының айтуы бойынша, берген нәрсені тек Алла ризалығы үшін деп беруді білдіреді дейді.
Мақтану немесе атақ шығару үшін берсе, ісінің сауабы шайылып, адам күнәға батады. Пайғамбарымыз (с.а.с) бұл жайында: «Менің сендер жайында ең қорқатын нәрсем – кіші ширк (рия)», – деген. Сахабалар:«Кіші ширк деген не, уа Аллаһтың елшісі?», – дегенде ол (с.а.у):«Жұртқа көрсету үшін амал жасау», – депжауап берген.
Құран Кәрімде200 жерде Алла жолында садақа беру, мал сарып ету жайында баяндалады. Яғни Алла берген нығметті Алла жолында жұмсау сауапты амал екені айтылады. Шексіз нығмет Иесі Раббымыз махлұқаттың табиғатында өзгеге жәрдем ету, барын бөліп беру сезімін жаратқан.
Жасалатын жақсылықтың садақа болуы үшін діни тұрғыдан үш ерекшелікке ие болуы керек:
* Мұқтаж жанға беру;
* Алла разылығы үшін берілуі;
* Берілген садақа өз мүлкінен, адал табысынан болуы тиіс.
Аллаһ біздерге мал-мүлік берсе, Оның берген нығметіне шүкіршілік етіп, орнымен жұмсап, шүкіршілік ретінде Алла разылығы үшін белгілі бір мөлшерін мұқтаждарға беру керектігін ескертеді. Бұл жайында Құранда былай дейді:«Олардың малдарында қайыршының және (сұрауға намысы жібермеген) жарлының да ақысы бар» (Зарият сүресі 19-аят).
Хақ Тағала берген дәулетті қайда, қалай жұмсайтынымыз жайында мына аятта баян етеді: «Сенен адамдар мал-мүліктерін қалай жұмсауы керектігі жөнінде сұрайды. Сен айт:«Оны қалай жұмсасаңдар да еріктерің. Ата-аналарыңа ма, туысқандарыңа ма, жетімдерге ме, пақырларға ма, әлде мүсәпір жолаушыға ма, бәрібір әйтеуір жасаған қайырларынды бір Алла білмей қоймайды» (Бақара сүресі 215-аят).
Садақа тек қаржымен шектелмейді. Сауапты іс жасау үшін тек қаржылай немесе заттай беру міндет емес. Беретін ақшасы, бөлісетін дүниесі жоқ жандар кешірімін де, жай көмегін де, ақ тілегін де садақа ете алады. Жақсы ниетпен жасаған әрбір ісіміз садақа болатынын мына хадистер баян етуде:
«Әрбір жақсылық садақа» (имамТирмизи риуаяты)
«Жақсы сөз садақа» (имам Ахмад риуаяты)
«Күлімсіреген жүзбен сәлем беру садақа» (имам Байхақи риуаяты)
«Жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтару садақа» (имам Муслим риуаяты)
Әрбір адам басқа жан иесіне көмек беру арқылы садақа сауабын ала алады.
Садақа берген сәтте өзгелер үшін пайдасы болған амал ретінде көрінгенімен негізінде берген адам үшін пайдасы мен сауабы мол. Садақа – адамға мейірімділікті, нәпсіні тәрбиелеуді үйретеді әрі мал-дүние мен жүректі тазалайды. Ал, ақыретте сауапты амал жасау мүмкін болмаған сәтте берген садақасының сауабы жұмаққа жетелейтін болады. Пенде дүниеден озғанда мал-дүниесі жайында қиындыққа тап болып, жиған-терген дүниесі артында қалғанымен сол үшін есепке тартылатн болады. Ал, дүниесінен садақа берсе, есебін беру жеңіл болмақ.
Өзгеге қол ұшын беру мен садақа берудің ең маңыздысы өзі мұқтаж бола тұра барын бөліп беруі болмақ. «Кімде кім адал жолмен тапқан табысынан бір құрмадай садақа берсе, Алла садақасын қабыл етеді. Содан кейін оны таудай болғанша, яғни сендерден біреуіңіз тайын өсіргендей иесіне барынша үлкейеді»,- дейді (имам Бұхари және имам Муслим риуаяты). Садақа беруде шамаға қарап амал еткен жөн. Әбу Бәкір қызы Әсма:«Ей, Алланың елшісі! Жұбайым Зубайрдың берген мәһірінен басқа затым жоқ. Садақа берейін бе?» – деп сұрайды. Сонда пайғамбарымыз (с.а.у): «Шамаңа қарап садақа бер» – дейді.
Қорыта айтқанда, әрбір істеген ізгі амалымыз өзімізге сауап ретінде қайтып келетіні сөзсіз. Садақаға алушы адам да мұқтаж болғаны сияқты, берушіде дәл сол сияқты мұқтаж. Азды-көпті амал дүниемізде садақа беріп, ізгі-амал жасауды ешқашан кейінге қалдырмауымыз керек.
Садақа мен зекет бергеннен ешкімнің дүниесі сарқылып қалмайды. Қайта берекесі молаяды. Алла Тағала Құранда жақсылықтың сыйы – еселі жақсылық болатынына уәде еткен.
Әйекеев Ғалымжан – Кентау қалалық орталық мешітінің Бас имамы
Ол үшін сіз төменде көрсетілген нұсқалардың кез келгенімен Қаржылай қайырымдылық жасай аласыз:
1. QIWI төлем терминалдары арқылы
Оплата услуг-> Другие услуги-> Фонды помощи-> КФ "ФОНД ЗАКЯТ ДУМК"
2. Банктегі есепшот арқылы:
АО "БанкЦентрКредит" Алматы
КФ «Фонд Закят ДУМК»
Kбе: 18 БИК: KCJBKZKX
БИН 110540000991
KZ208560000005121039
КНП 119 (благотворительная помощь )
АО "БанкЦентрКредит" Алматы
КФ «Фонд Закят ДУМК»
Kбе: 18 БИК: KCJBKZKX
БИН 110540000991
KZ208560000005121039
КНП 119 (благотворительная помощь )
Тел. 8 7172 99 9869
Моб: +7 778 407 08 50
Мекен-жайымыз:
010000, Астана қаласы, Қарасаз 3