“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
Тұрған үйі, үстіндегі киімі, үй жиһаздары, мінетін көлігі, қызметкері және пайдаланатын құрал-саймандары үшін зекет берілмейді. Өйткені бұлар адамның
негізгі қажеттілігі болып саналады әрі өспейтін мүлікке жатады (Хашияту Ибн Абидин, 2/284).
⠀
Алайда бір адамның өзі тұратын үйінің бірнеше бөлмесі болып, оның екеуін қолданып қалғанын қолданбаса, негізгі қажеттілігінен тыс болса да, артық бөлмелері үшін зекет бермейді.
⠀
Егер екі үйі болып, бірінде тұрып екіншісінде тұрмаса және оны сатуды ниет етпеген болса, екеуінен де зекет бермейді. Ал екінші үйді сатуға қойған болса, оны сауда заттарына қосып зекетін беру міндет болады. Бірақ үй сатылмай тұрып оның зекетін бермеуге ақысы бар. Өйткені жылжымайтын мүлікті сатуды ниет етсе, сатпайынша ол сату үшін болып саналмайды. Сатқаннан кейін оның ақшасынан зекет береді (Һидая, 1/260). Мұнда үйдің зекет беретін уақыттағы нарықтық бағасы есепке алынады.
⠀
Біреудің бірнеше үйі болып оны жалға беріп пайдаланса, ол үйден зекет бермейді. Бірақ үй үшін алынатын жалдау ақысын өзінің басқа сауда мүлкіне қосып, одан зекет береді (Фатхул қадир, 2/176).
⠀
Өзі тұрған үйді сатса және оның құны нисаб мөлшеріне жетіп, бір жыл айналымда тұрса, одан зекет беру міндет болады. Өйткені азат, ақылы бар, балиғат жасына толған мұсылман адам өзінің нисаб мөлшеріне жететін және бір жыл айналымда болған мал-мүлкінен зекет беруі парыз (Һидая, 1/258).
⠀
Жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар жəне жермен тығыз байланысты өзге мүліктердің зекеті де үйдің зекеті сияқты беріледі.
⠀
Хасан АМАНҚҰЛ, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары
Ол үшін сіз төменде көрсетілген нұсқалардың кез келгенімен Қаржылай қайырымдылық жасай аласыз:
1. QIWI төлем терминалдары арқылы
Оплата услуг-> Другие услуги-> Фонды помощи-> КФ "ФОНД ЗАКЯТ ДУМК"
2. Банктегі есепшот арқылы:
АО "БанкЦентрКредит" Алматы
КФ «Фонд Закят ДУМК»
Kбе: 18 БИК: KCJBKZKX
БИН 110540000991
KZ208560000005121039
КНП 119 (благотворительная помощь )
АО "БанкЦентрКредит" Алматы
КФ «Фонд Закят ДУМК»
Kбе: 18 БИК: KCJBKZKX
БИН 110540000991
KZ208560000005121039
КНП 119 (благотворительная помощь )
Тел. 8 7172 99 9869
Моб: +7 778 407 08 50
Мекен-жайымыз:
010000, Астана қаласы, Қарасаз 3