“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
ҚМДБ

ҚР, Нұр-Сұлтан қаласы, Қошқарбаев 33/1

+7 708 723 7409

Зекеттің бүгінгі нисап мөлшері

1 225 940 теңге

  • Басқы бет
  • Қор туралы
  • Зекет туралы
  • Eсеп-қисап
  • Жазбалар
    • Іс-шаралар
    • Мақалалар
    • Ел үлесі пәтерге
  • Байланыс
Зекетті Online есептеу
Алтын мен күмістен берілетін зекеттің мөлшері қандай?
02
окт

Алтын мен күмістен берілетін зекеттің мөлшері қандай?

Жауап: Егер қосынды салмаға екі жүз дирхем (595г.) болатындай күміске ие болып, осы иелігіне ай күнтізбесімен есептегенде бір жыл өткен болса оннан бірінің ширегін (2,5%), яғни әрбір екі жүз дирхемнің бес дирхемін (14,875г.) зекетке беру тиіс.

Сұрақ:  Күміс мөлшері екі жүз дирхемнен асып кетсе зекетін қалай шығарады?

Жауап: Әбу Ханифаның айтуынша екі жүздің үстіндегісі қырық дирхемге жетпейінше ештеңе берілмейді. Қырыққа жетсе тағы бір дирхем береді. Әрі қарай да осылай есептеледі, яғни әрбір қырық дирхемнен бір дирхем. Ал, Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің пікірінше үстіндегі қосымшасы қырық дирхемге жетсе де, жетпесе де зекетін есептеп шығару керек.

Сұрақ: Алтыннан берілетін зекеттің мөлшері қанша?

Жауап: Жиырма мысқал (85г.) алтынға ие болғанына бір жыл өтсе жарты мысқалын зекетке береді. Жарты мысқал жиырма мысқалдың оннан бірінің ширегіне (2,5%-ке) тең. Сонан соң әрбір төрт мысқалынан екі қират (өлшем бірлігі). Ал, үстіндегі төрт мысқалға жетпесе Әбу Ханифаның пікірі бойынша берілмейді, ал, Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің пікірі бойынша есептелініп берілуі тиіс.

Сұрақ: Алтыннан жасалынған әйелдер тағатын әшекейлі бұйымдардан, ыдыс-аяқтардан зекет беріле ме?

Жауап: Алтын мен күмістің қандай түрі болсын, қолданса да, қолданбаса да зекет мөлшеріне жетсе зекеті шығарылуы тиіс.

Сұрақ: Алтын не күмістен жасалынған бұйымдарда қоспалар болса не істеу керек?

Жауап: Егер қоспаның басым көпшілігі күміс болса оның барлығын күміс деп есептейді. Ал, егер, керісінше, көбі басқа зат болса күміс деп есептелмейді. Қоспалы алтынның үкімі де осындай.

Сұрақ: Бір кісінің қолында не алтын, не күміс болмаса, бірақ, үкіметтік банкте өзіне тиесілі құнды қағаздары болса солардың зекетін бере ме?

Жауап: Иә, егер зекет мөлшеріне жетсе береді. Өйткені мұндай құнды қағаздар ақша сияқты сату-сатып алынуда пайдаланылады. Сондай-ақ, банкке өткізсе бағасы шығарылып, сатып алынады.

  • 1844 times
  • Last modified on02, октября 2018
  • Әлеуметтік желіде бөлісу

ОНЛАЙН САДАҚА ЖАСАУ


Садақаның мөлшері
200ТГ
500ТГ
1000ТГ
5000ТГ
Төлем жасау түрі
Банковская карта



Басқаша Садақаны қалай берсем болады?

Ол үшін сіз төменде көрсетілген нұсқалардың кез келгенімен Қаржылай қайырымдылық жасай аласыз:

1. KASPI.KZ қосымшасы арқылы:
Төлемдер бөліміне кіріп, іздеу алаңына Зекет сөзін енгізесіз

2. Төлем терминалдары арқылы

Оплат услуг-> Другие услуги-> Фонды помощи-> КФ "ФОНД ЗАКЯТ ДУМК"

3. QIWI арқылы

4. Банктегі есепшот арқылы:
АО "БанкЦентрКредит" Алматы
КФ «Фонд Закят ДУМК»
Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX
БИН 110540000991
KZ208560000005121039
КНП 119 (благотворительная помощь )

Қор реквизиті

АО "БанкЦентрКредит" Алматы

КФ «Фонд Закят ДУМК»

Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX

БИН 110540000991

KZ208560000005121039

КНП 119 (благотворительная помощь )

Байланыс:

Тел. 8 7172 99 9869

Моб: 8 775 4171912

Моб: +7 747 894 8297

Моб: +7 708 723 7409

 

Мекен-жайымыз:

Нұр-Сұлтан қаласы, Қошқарбаев 33/1

Жаңалыққа жазылу

ОК

Әлеуметтік желілердеде бізбен бірге болыңыз

  • Онлайн Садақа беру
  • Зекет калькуляторы
  • Онлайн Зекет Виджеті
  • Онлайн өтініш қалдыру
  • Политика конфиденциальности
Copyrights © 2018 Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы Зекет Қоры