“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
Сұрақ: Мал-мүліктің зекет беретін мөлшері қандай?
Жауап: Күмістен екі жүз дирхем (595г.), алтыннан жиырма мысқал (85г.) немесе осы бағадағы айналымды ақша не тауарға ие болу.
Сұрақ: Осы мөлшерде мүлікке ие, бірақ қарызы бар адам зекет бере ме?
Жауап: Мұнда мына нәрселерге назар аударылады. Егер қарызы бүкіл мал-мүлкінің мөлшеріндей көп болса зекет бермейді. Ал, егер қарызы аз болып, сол қарызын шегеріп тастағанда қалған мал-мүлкі зекет беретін мөлшерге жетсе зекет шығарады.
Сұрақ: Сауда-саттық тауарынан зекет бере ме?
Жауап: Иә, егер сауда-саттық жасап жүрген мал-мүлкі екі жүз дирхем күміске немесе жиырма мысқал алтынға пара-пар болса зекет беру парыз.
Сұрақ: Бір жыл өту керек дегеннің мағынасы не?
Жауап: Оның мағынасы егер балиғатқа жеткен азат мұсылманның зекет беретіндей мөлшердегі дүние-мүлікке ие болғанына ай күнтізбесімен есептегенде бір жыл өткен болса, оған зекет шығару парыз.
Сұрақ: Тұрғын үй, киім-кешек, үй жиһаздары туралы не айтасыз?
Жауап: Тұрғын үй, киер киім, үй жиһаздары, мініс көліктер, құрал-жабдықтардан зекет берілмейді. Өйткені бұлар жеке адам тіршілігіне қажетті зәру дүниелерге жатады.
Сұрақ: Ал, егер осы аталған нәрселермен сауда жасайтын болса зекет беріле ме?
Жауап: Иә, егер зекет беретін санға жетсе зекетін шығару парыз.
Сұрақ: Алтын-күміс немесе тауарлардың зекетін ақшамен шығарса бола ма?
Жауап: Иә, зекетті ақшалай түрде шығаруға болады.
Сұрақ: Егер бір кісі иелігіндегі бүкіл мал-мүлкін зекет беруді ниеттенбей, Алла жолында садақа ретінде таратқан болса үкімі қандай?
Жауап: Оның мойнынан зекет беру түседі.
Сұрақ: Зекет уәжіп болған соң банкротқа ұшырап кедейленсе не болады?
Жауап: Егер бүкіл мүлкі жойылса зекет парыз болмайды. Ал, егер мүлкінің кейбір бөлігі жойылып, қалған бөлігі зекет беруге жетсе, зекет береді. Мал-мүлкін өзі пайдаланып азайтқан болса зекетін береді.
Ол үшін сіз төменде көрсетілген нұсқалардың кез келгенімен Қаржылай қайырымдылық жасай аласыз:
1. QIWI төлем терминалдары арқылы
Оплата услуг-> Другие услуги-> Фонды помощи-> КФ "ФОНД ЗАКЯТ ДУМК"
2. Банктегі есепшот арқылы:
АО "БанкЦентрКредит" Алматы
КФ «Фонд Закят ДУМК»
Kбе: 18 БИК: KCJBKZKX
БИН 110540000991
KZ208560000005121039
КНП 119 (благотворительная помощь )
АО "БанкЦентрКредит" Алматы
КФ «Фонд Закят ДУМК»
Kбе: 18 БИК: KCJBKZKX
БИН 110540000991
KZ208560000005121039
КНП 119 (благотворительная помощь )
Тел. 8 7172 99 9869
Моб: +7 778 407 08 50
Мекен-жайымыз:
010000, Астана қаласы, Қарасаз 3