“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
Осындай себептерге байланысты бұл парыз әрбір діннің рәмізіне айналды. Қандай пайғамбар болмасын адамдарды дәл намаз оқуға шақырғанындай нақ осы парызды орындауға да үндеген.
Мысалы Алла Тағала Иса (а.с.) пайғамбар туралы:
﴿وَأَوْصَانِي بِالصَّلَاةِ وَالزَّكَاةِ مَا دُمْتُ حَيّاً﴾
«Ол (Алла) маған тірі болған шағымда намаз оқуымды, зекет беруімді өсиет етті» (Мариям, 31), – десе, ал Исмаил пайғамбар (а.с.) туралы:
﴿وَكَانَ يَأْمُرُ أَهْلَهُ بِالصَّلَاةِ وَالزَّكَاةِ وَكَانَ عِندَ رَبِّهِ مَرْضِيّاً﴾
«Ол (Исмаил) жанұясына намаз оқуға, зекетті орындауға бұйыратын және Раббысынан разылыққа бөленген еді» (Мариям, 55), – дейді.
Даңқты әрі ұлық Алла Тағала Бәни Исраилға былайша деп уәде еткен:
﴿وَقَالَ اللّهُ إِنِّي مَعَكُمْ لَئِنْ أَقَمْتُمُ الصَّلاَةَ وَآتَيْتُمُ الزَّكَاةَ وَآمَنتُم بِرُسُلِي وَعَزَّرْتُمُوهُمْ وَأَقْرَضْتُمُ اللّهَ قَرْضاً حَسَناً لَّأُكَفِّرَنَّ عَنكُمْ سَيِّئَاتِكُمْ وَلأُدْخِلَنَّكُمْ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِن تَحْتِهَا الأَنْهَارُ﴾
«Егер намаз оқып, зекет беріп, Менің пайғамбарларыма иман келтіріп, оларға көмектесіп, Аллаға көркем қарыз берсеңдер, әлбетте, жамандықтарыңды жойып, астарынан өзен ағатын бақтарға кіргіземін» (Мәида, 12).
Даңқты әрі ұлық Алла пайғамбарлар туралы былай дейді:
﴿وَجَعَلْنَاهُمْ أَئِمَّةً يَهْدُونَ بِأَمْرِنَا وَأَوْحَيْنَا إِلَيْهِمْ فِعْلَ الْخَيْرَاتِ وَإِقَامَ الصَّلَاةِ وَإِيتَاء الزَّكَاةِ وَكَانُوا لَنَا عَابِدِينَ﴾
«Біз оларды бұйрығымызбен тура жол сілтейтін жолбасшылар еттік. Біз оларға қайырлы істерді істеуді, намаз оқуды және зекет беруді уахи еттік. Олар бізге құлшылық қылатын еді» (Әнбия, 73).
С: Шариғатта зекеттің парыз амал екеніне қандай дәлелдер бар?
Ж: Ислам діні тарихында ғибадаттың осы түрінің парыздылығын нақтылап, қуаттайтын, оны орындауға бұйыратын қаншама дәлелдер бар десеңізші, сондай-ақ, мұсылман әміршілері мен бүкіл үмбеттің оған қаншалықты маңыз беріп, соның жолында қалай күрескендері туралы қаншама жарқын мысалдар бар десеңізші.
Алла Тағала Пайғамбарымызға (с.а.с.) да мұсылмандардан зекет алуды бұйырып былай деген:
﴿خُذْ مِنْ أَمْوَالِهِمْ صَدَقَةً تُطَهِّرُهُمْ وَتُزَكِّيهِم بِهَا وَصَلِّ عَلَيْهِمْ إِنَّ صَلاَتَكَ سَكَنٌ لَّهُمْ وَاللّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ﴾
«Олардың мал-мүліктерінен өздерін тазартып, ақтайтын садақа ал және олар үшін дұға қыл. Шынында сенің дұғаң олар үшін бір тыныштық. Алла бәрін естуші һәм білуші» (Тәубе, 103).
Сондай-ақ, барлық иман келтіргендерге арналған мынадай әмір бар:
﴿وَأَقِيمُوا الصَّلَاةَ وَآتُوا الزَّكَاةَ وَأَطِيعُوا الرَّسُولَ لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ﴾
«Намаз оқыңдар және зекет беріңдер және елшіге бойсұныңдар, бәлкім, сонда рахымға бөленерсіңдер» (Нұр, 56).
Алланың елшісі (с.а.с.) өзінің хадистерінде зекеттің Ислам дінінің ең басты парыздарының бірі екендігін баса айтып өткен. Мысалы, мәшһүр хадисінде ол (с.а.с.) былай дейді: «Ислам бес нәрседен: Алладан басқа құдай жоқ екендігіне және Мұхаммед Алланың елшісі екендігіне куәлік беруден, намаз оқудан, зекет беруден, қажылықтың және рамазан айында ораза тұтудан құралған», – деген. Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.
عَنِ بْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ بَعَثَ مُعَاذًا رَضِيَ اللهُ عَنْهُ إِلَى الْيَمَنِ فَقَالَ:» اُدْعُهُمْ إِلَى شَهَادَةِ أَنْ لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللهُ وَأَنِّي رَسُولَ اللهِ، فَإِنْ هُمْ أَطَاعُواْ لِذَلِكَ فَأَعْلِمْهُمْ أَنَّ اللهَ قَدِ افْتَرَضَ عَلَيْهِمْ خَمْسَ صَلَوَاتٍ فِي كُلِّ يَوْمٍ وَلَيْلَةٍ، فَإِنْ هُمْ أَطَاعُواْ لِذَلِكَ فَأَعْلِمْهُمْ أَنَّ اللهَ افْتَرَضَ عَلَيْهِمْ صَدَقَةً فِي أَمْوَالِهِمْ تُؤْخَذُ مِنْ أَغْنِيَائِهِمْ وَتُرَدُّ عَلَى فُقَرَائِهِمْ«. رَوَاهُ البُخَارِيُّ وَمُسْلِمٌ.
Абдулла ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Алланың елшісі (с.а.с.) Муғаз ибн Жәбәлді Йеменге жіберіп жатып оған былай деді: «Әуел оларды Алладан басқа құдай жоқ екендігі және менің Алланың елшісі екендігі туралы куәлікке шақыр. Егер олар оған мойынсұнса, Алланың оларға әрбір күн мен түні бес уақыт намаз парыз еткендігін жеткіз. Егер олар оған мойынсұнса, Алланың олардың мал-мүліктерінен, байларынан алынып, кедейлеріне қайтарылатын зекетті парыз еткендігін жеткіз», – деген. Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.
С: Зекет берудің қандай пайдасы бар?
Ж: Пайғамбарымыз (с.а.с.) зекет шығарудан мал-мүліктің кемімейтіндігін, керісінше, көбейіп, береке даритындығын, қызғаншақтардың көздерінен, ашкөздердің бұзық ниеттерінен қорғайтындығын айтқан.
عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنْ رَسُولِ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: »مَا نَقَصَتْ صَدَقَةٌ مِنْ مَالٍ وَمَا زَادَ اللهُ عَبْدًا بِعَفْوٍ إِلاَّ عِزًّا وَمَا تَوَاضَعَ أَحَدٌ لِلَّهِ إِلاَّ رَفَعَهُ اللهُ«. رَوَاهُ مُسْلِمٌ وَالتِّرْمِذِيُّ.
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алланың елшісі (с.а.с.) былай деген: «Ешқандай садақадан ешбір малды кемітпейді. Алла біреуге кешірім жасаған пендесінің абыройын асырады. Кімде-кім Алла үшін кішіпейіл болса, Алла оның дәрежесін көтереді». Мүслім риуаят еткен.
Алла Тағала берген мал-мүліктің зекетін, садақасын беру әрбір мұсылман үшін міндетті іс болып саналады.
عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَا مِنْ يَوْمٍ يُصْبِحُ الْعِبَادُ فِيهِ إِلاَّ مَلَكَانِ يَنْزِلاَنِ فَيَقُولُ أَحَدُهُمَا: اَللَّهُمَّ أَعْطِ مُنْفِقًا خَلَفًا، وَيَقُولُ الآخَرُ: اَللَّهُمَّ أَعْطِ مُمْسِكًا تَلَفًا«. رَوَاهُ البُخَارِيُّ وَمُسْلِمٌ.
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Пенделер аман тұрған әрбір күні екі періште түседі. Олардың бірі: «Уа, Алла! Қайыр-садақа берушіге қарымта бер», – дейді, ал екіншісі: «Уа, Алла! Қайыр бермегенге зиян жібер», – дейді». Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.
Даңқты әрі ұлы Алла мұсылман қоғамын ізгі іс пен намаз оқуға, зекет беруге ынтымақтаса кірісетін береке тұнған, бақ қонған қайырлы қоғам ретінде сипаттаған. Алла Тағала былай дейді:
﴿الَّذِينَ إِن مَّكَّنَّاهُمْ فِي الْأَرْضِ أَقَامُوا الصَّلَاةَ وَآتَوُا الزَّكَاةَ وَأَمَرُوا بِالْمَعْرُوفِ وَنَهَوْا عَنِ الْمُنكَرِ وَلِلَّهِ عَاقِبَةُ الْأُمُورِ﴾
«Олар (иман келтіргендер) сондай: егер Біз оларға жер бетінде бір билік берсек, олар намаз оқып, зекет беріп, жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыяды. Ал барлық істердің соңы Аллаға тән» (Хаж, 41);
﴿وَالْمُؤْمِنُونَ وَالْمُؤْمِنَاتُ بَعْضُهُمْ أَوْلِيَاء بَعْضٍ يَأْمُرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَيَنْهَوْنَ عَنِ الْمُنكَرِ وَيُقِيمُونَ الصَّلاَةَ وَيُؤْتُونَ الزَّكَاةَ وَيُطِيعُونَ اللّهَ وَرَسُولَهُ أُوْلَـئِكَ سَيَرْحَمُهُمُ اللّهُ إِنَّ اللّهَ عَزِيزٌ حَكِيمٌ﴾
«Иман келтірген ерлер мен иман келтірген әйелдер бір-бірлеріне жанашыр, олар жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыяды, намаз оқиды, зекет береді, Алла пен Оның елшісіне мойынсұнады. Міне, соларға Алла рахым етеді. Расында Алла даңқты әрі аса дана» (Тәубе, 71).
Иман келтіргендердің бір-біріне өте жанашыр, мейірбан болатындығы туралы Пайғамбар (с.а.с.) да өзінің хадистерінде нақтылап өткен.
عَنِ النُّعْمَانِ بْنِ بَشِيرٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »مَثَلُ الْمُؤْمِنِينَ فِي تَوَادِّهِمْ وَتَرَاحُمِهِمْ وَتَعَاطُفِهِمْ مَثَلُ الْجَسَدِ: إِذَا اشْتَكَى مِنْهُ عُضْوٌ تَدَاعَى لَهُ سَائِرُ الْجَسَدِ بِالسَّهْرِ وَالْحُمَى«. رَوَاهُ مُسْلِمٌ.
Алланың елшісі (с.а.с.): «Иман келтіргендердің бір-бірлеріне деген сүйіспеншіліктерінің, мейірімділіктерінің және бір-бірлеріне деген жанашырлықтарының мысалы біртұтас денеге ұқсас. Егер ондағы бір мүше ауырса, сол үшін бүкіл дене ұйықтамай, қызуы көтеріліп қобалжиды», – деген. Мүслім риуаят еткен.
Жоғарыда айтылған жайттардан кейін бізге зекет бермеушінің қылмысының сорақылығы және асыл дініміз бен басқа мұсылмандарға тигізетін зардабы айқындала түседі. Осыдан кейін біз Әбу Бәкірдің (р.а.) зекет бермеушілерге қарсы күрес жариялауының дұрыс, әділ шешім екендігін көреміз. Сол шақтарда ол: «Уаллаһи, намаз бен зекеттің арасын бөлушілерге қарсы сөзсіз күресемін! Шындығында зекет Алла берген мал-мүліктің ақысы. Уаллаһи, егер олар кезінде Алланың елшісіне (с.а.с.) беріп жүрген бір лақты бермейтін болса да мен сол үшін күресемін», – деген әйгілі сөзін айтқан болатын.
Төменде зекет бермеудің үкімін және оның апатқа ұшыратушы ауыр күнә екендігін баяндайтын дәлелдер берілді. Бұл егер зекет бермеген адам оның парыздығын теріске шығармаған жағдайдағы үкім. Керісінше жағдайда ол Алла сақтасын, Ислам дінінен шығып кеткен болып есептеледі. Өйткені зекет Ислам дінінің әрбір мұсылман біліп, мойындауға міндетті ең басты тіректерінің бірі.
Алла Тағала былай дейді:
﴿وَوَيْلٌ لِّلْمُشْرِكِينَ *الَّذِينَ لَا يُؤْتُونَ الزَّكَاةَ وَهُم بِالْآخِرَةِ هُمْ كَافِرُونَ﴾
«...Серік қосушыларға қандай өкініш! Олар зекет бермейді әрі ақыретке де мүлде сенбейді» (Фұссилат, 6, 7);
﴿وَالَّذِينَ يَكْنِزُونَ الذَّهَبَ وَالْفِضَّةَ وَلاَ يُنفِقُونَهَا فِي سَبِيلِ اللّهِ فَبَشِّرْهُم بِعَذَابٍ أَلِيمٍ* يَوْمَ يُحْمَى عَلَيْهَا فِي نَارِ جَهَنَّمَ فَتُكْوَى بِهَا جِبَاهُهُمْ وَجُنوبُهُمْ وَظُهُورُهُمْ هَـذَا مَا كَنَزْتُمْ لأَنفُسِكُمْ فَذُوقُواْ مَا كُنتُمْ تَكْنِزُونَ﴾
«...Алтын мен күмісті жинап, оларды Алла жолында жұмсамағандарды күйзелтуші азаппен сүйіншіле. Сол күні (Қиямет күні) олар (алтын мен күмістері) жәһәннам отына қыздырылып, онымен олардың маңдайлары, қабырғалары және арқалары күйдіріледі де: «Мынау өздерің үшін жиғандарың. Ал енді жиғандарыңның дәмін тартыңдар», – делінеді» (Тәубе, 34, 35);
﴿وَلاَ يَحْسَبَنَّ الَّذِينَ يَبْخَلُونَ بِمَا آتَاهُمُ اللّهُ مِن فَضْلِهِ هُوَ خَيْراً لَّهُمْ بَلْ هُوَ شَرٌّ لَّهُمْ سَيُطَوَّقُونَ مَا بَخِلُواْ بِهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ وَلِلّهِ مِيرَاثُ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضِ وَاللّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرٌ﴾
«Алла берген артықшылықтардан (зекет, садақа шығаруға) сараңдық танытатындар оларын өздеріне бір жақсылық деп ойламасын. Керісінше, ол олар үшін бір жамандық. Қиямет күні сол сараңдық танытқан нәрселері олардың мойындарына оралады. Көктер мен жердің мирасы Аллаға тән. Әрі Алла сендердің не істегендеріңнен хабардар» (Әли Имран, 180).
Соңғы аяттың түсініктемесі ретінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) төмендегідей хадисі бар.
عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »مَنْ آتَاهُ اللَّهُ مَالًا فَلَمْ يُؤَدِّ زَكَاتَهُ مُثِّلَ لَهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ شُجَاعًا أَقْرَعَ لَهُ زَبِيبَتَانِ يُطَوِّقُهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ ثُمَّ يَأْخُذُ بِلِهْزِمَتَيْهِ يَعْنِي شِدْقَيْهِ ثُمَّ يَقُولُ أَنَا مَالُك أَنَا كَنْزُك ثُمَّ تَلَا هَذِهِ الْآيَةَ: ﴿وَلَا يَحْسَبَنَّ الَّذِينَ يَبْخَلُونَ بِمَا آتَاهُمْ اللَّهُ مِنْ فَضْلِهِ هُوَ خَيْرًا لَهُمْ بَلْ هُوَ شَرٌّ لَهُمْ سَيُطَوَّقُونَ مَا بَخِلُوا بِهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ﴾ «. رَوَاهُ البُخَارِيُّ.
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.): «Кімге Алла мал беріп, ол одан зекет бермесе, Қиямет күні сол малы оған басы жылтыр, екі көзінің үстінде екі қара белгісі бар аждаһа жылан түрінде келіп, Қиямет күні оны орап алады. Сосын екі езуімен оның қолын тістеп: «Мен сенің мал-мүлкіңмін, мен сенің қазынаңмын», – дейді», – деп, «Алла берген артықшылықтардан (зекет, садақа шығаруға) сараңдық танытатындар соны өздеріне бір жақсылық деп ойламасын...» деген аятты (Әли Имран, 180оқыған. Бұхари риуаят еткен.
С: Зекет бермеудің жазасы қандай?
Ж: Пайғамбар (с.а.с.) хадистерінде зекет бермеудің үлкен күнә екендігін баса айтып, одан өзінің үмбетін қатыт сақтандырған. Зекеті берілмеген мал-мүлік Қиямет күні өзінің иесін азаптап, қинайды екен. Мына хадиске назар аударыңыз.
عَنْ جَابِرٍ بْنِ عَبْدِ اللهِ الأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يقول: »مَا مِنْ صَاحِبِ إبِلٍ لَا يَفْعَلُ فِيهَا حَقَّهَا إلَّا جَاءَتْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ أَكْثَرَ مَا كَانَتْ وَقَعَدَ لَهَا بِقَاعٍ قَرْقَرٍ تَسْتَنُّ عَلَيْهِ بِقَوَائِمِهَا وَأَخْفَافِهَا، وَلَا صَاحِبِ بَقَرٍ لَا يَفْعَلُ فِيهَا حَقَّهَا إلَّا جَاءَتْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ أَكْثَرَ مَا كَانَ وَقَعَدَ لَهَا بِقَاعٍ قَرْقَرٍ تَنْطَحُهُ بِقُرُونِهَا وَتَطَؤُهُ بِأَظْلَافِهَا لَيْسَ فِيهَا جَمَّاءُ وَلَا مُنْكَسِرٌ قَرْنُهَا، وَلَا صَاحِبُ كَنْزٍ لَا يَفْعَلُ فِيهِ حَقَّهُ إلَّا جَاءَ كَنْزُهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ شُجَاعًا أَقْرَعَ يَتْبَعُهُ فَاتِحًا فَاهُ فَإِذَا أَتَاهُ فَرَّ مِنْهُ فَيُنَادِيهِ: خُذْ كَنْزَك الَّذِي خَبَّأْتَهُ فَأَنَا عَنْهُ غَنِيٌّ، فَإِذَا رَأَى أَنْ لَا بُدَّ لَهُ مِنْهُ سَلَكَ: أَيْ أَدْخَلَ يَدَهُ فِي فِيهِ فَيَقْضِمَهَا قَضْمَ الْفَحْلِ«. رَوَاهُ مُسْلِمٌ.
Жәбірден (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Қандай да бір түйелердің иесі (сол түйелерінің) ақысын – зекетін бермесе ол кең, тақыр далада етпетінен жатқызылады да өзі білетін түйелерінің саны бұрынғыдан әлденеше есе молайып, оның үстінен тұяқтарымен, аяқтарымен таптап өтеді. Қандай да бір сиырдың иесі (сол сиырларының) ақысын – зекетін бермесе, ол кең, тақыр далада етпетінен жатқызылады да өзі білетін сиырларының саны бұрынғыдан әлденеше есе молайып, оны мүйіздерімен сүзгілеп, тұяқтарымен таптап өтеді. Сонда олардың арасында тоқалы, мүйізі сынғаны болмайды. Қандай да бір қазынаның (алтын-күмістің) иесі оның зекетін бермесе, Қиямет күні ол қазынасы басы жылтыр үлкен аждаһа жылан түрінде келіп, аузын ашып оның қыр соңынан қалмай қуады. Жылан жақындап келгенде ол қашады. Сол кезде: «Осыған дейін тығып келген қазынаңды ал! Мен (Алла) оған мұқтаж емеспін!» деген дауыс естіледі. Ақырында қашып құтылмасын білген соң ол қолын аждаһаның аузына салады. Сол кезде ол оны бураның шайнағаны сияқты шайнап тастайды». Мүслім риуаят еткен.
عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »أَوَّلُ ثَلَاثَةٍ يَدْخُلُونَ النَّارَ فَأَمِيرٌ مُسَلَّطٌ وَذُو ثَرْوَةٍ مِنْ مَالٍ لَا يُؤَدِّي حَقَّ اللَّهِ فِي مَالِهِ وَفَقِيرٌ فَخُورٌ«. رَوَاهُ ابْنُ حِبَّان.
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Тозаққа бірінші түсетін үш адам: шектен шыққан қатыгез әмірші, малынан Алланың хағын-зекетті өтемейтін мал-мүлік иесі және мақтаншақ, кердең кедей». Ибн Хиббан риуаят еткен.
وَعَنْ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »أُمِرْنَا بِإِقَامِ الصَّلَاةِ وَإِيتَاءِ الزَّكَاةِ وَمَنْ لَمْ يُزَكِّ فَلَا صَلَاةَ لَهُ«. رَوَاهُ الطَّبَرَانِيُّ
Абдулла ибн Масғұд (р.а.) жеткізген хадисте Алланың елшісі (с.а.с.): «Намаз оқуға, зекет беруге бұйырылдық. Сондықтан кім зекетін өтемесе, оның намазы қабыл болмайды», – деген. Табарани риуаят еткен.
Малынан зекет бермеген адамның жазасы, міне, осындай. Алладан қорықпай, Оның және Оның пенделерінің хағына бей-жай қарайтын ең ауыр қылмысты шімірікпей істейтін адасушы ғана осыншалықты дәрежедегі күнәға батады.
Алладан барлық үлкен және кіші күнәлардан амандық тілейміз. Күллі ғаламның түпкілікті иесі Ұлы Жаратушы екендігін ұмытып, мал-мүліктерінің хағын, кедейлердің несібесін – зекеттерін бермей жүрген мұсылман бауырларымызға Алла Тағала һидаят, тауфиқ бергей!
Ол үшін сіз төменде көрсетілген нұсқалардың кез келгенімен Қаржылай қайырымдылық жасай аласыз:
1. QIWI төлем терминалдары арқылы
Оплата услуг-> Другие услуги-> Фонды помощи-> КФ "ФОНД ЗАКЯТ ДУМК"
2. Банктегі есепшот арқылы:
АО "БанкЦентрКредит" Алматы
КФ «Фонд Закят ДУМК»
Kбе: 18 БИК: KCJBKZKX
БИН 110540000991
KZ208560000005121039
КНП 119 (благотворительная помощь )
АО "БанкЦентрКредит" Алматы
КФ «Фонд Закят ДУМК»
Kбе: 18 БИК: KCJBKZKX
БИН 110540000991
KZ208560000005121039
КНП 119 (благотворительная помощь )
Тел. 8 7172 99 9869
Моб: +7 778 407 08 50
Мекен-жайымыз:
010000, Астана қаласы, Қарасаз 3