“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
Пітір садақа екі келі бидай немесе оның өнімдерімен[2] және төрт келі мейіз, құрма немесе арпамен есептеледі. Дегенмен азық-түліктің орнына пітір садақаға оның ақшалай құнын бергені абзал[3]. Биылғы пітір садақа мөлшері екі келі ұнның орташа бағасымен есептеліп, 300 теңге деп белгіленді.
Әйелі және үлкен балаларының жағдайлары жетіп тұрса, олар өздері үшін пітір садақа береді. Ал олар үшін де пітір садақа берген адам, әлбетте, сауаптан құр қалмайды.
Пақыр адамның пітір садақа беруі – уәжіп емес. Егер беретін болса, өзінен де жағдайы төмен адамға бергені дұрыс. Қалай да орташа дәулетті адам пітір садақаны 2 кг бидай немесе оның өнімдерімен, аса ауқатты адам 4 кг құрма немесе мейізбен бергені абзал.
Пітір садақа рамазан айы кіргеннен бастап, ораза айт намазына дейін беріледі. Уақытында бере алмаған жағдайда кейін берсе де болады, бірақ оның сауабы азаяды.
ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі
[1] Бүгінгі таңда күміс нисабы 103 000 (жүз үш мың) теңге деп бекітілді.
[2] «Әл-муфассал фи әл-фиқһ әл-ханафи», Мұхаммад Мажид Ғитр, 285-бет.
[3] «Әл-фәтауа әл-һиндия», 1/210-211.
Сұрақ: Пітір садақасын кімдердің атынан шығарады?
Жауап: Өзінің, жас балаларының, кәпір болса да қызметші құлдарының атынан шығарады.
Сұрақ: Жас баласының өзіне тиесілі мал-мүлкі болса әкесі оның пітір садақасын сол мүлкінен шығара ма, әлде өзінің малынан шығара ма?
Жауап: Баланың мал-мүлкі болса содан шығарады. Ал, болмаса әкесі өзінің малынан шығарады.
Сұрақ: Әйел мен балаларының атынан пітір садақасын беруге бола ма?
Жауап: Өзінің қол астында болса да әйелі мен үлкен балаларының атынан пітір садақасын шығармайды. Сондай-ақ, саудаға қойған құлдарының атынан да шығармайды.
Сұрақ: Екі адамның меншігі болған құлдың атынан пітір садақаны кім шығаруы керек?
Жауап: Екеуіне де шығару уәжіп.
Сұрақ: Пітір садақасы қашан уәжіп болады?
Жауап: Пітір садақасын беру ораза айтының бірінші күні таң атқаннан басталады. Сол уақыттан бұрын қайтыс болған кісі үшін пітір садақасын беру уәжіп емес. Сол сияқты таң атқанда иман келтірген адам үшін немесе таң атқан соң туған бала үшін пітір садақасын беру уәжіп емес.
Сұрақ: Пітір садақасын қай уақытта беру мұстахаб?
Жауап: Айт намазын оқуға шығардан бұрын таң ертең беру мұстахаб
Сұрақ: Айт күнінен бұрын берсе бола ма?
Жауап: Айт күнінен бұрын берсе де болады.
Сұрақ: Ал, айт күнінен кейінге кешіктірсе ше?
Жауап: Айт күнінен кешіктірсе қашан өтегенше мойнынан түспейді.
Сұрақ: Пітір садақасын кімге берген дұрыс?
Жауап: Пітір садақасын пақырға, міскінге беруге болады.
Сұрақ: Пітір садақасын берудегі мақсат не?
Жауап: Әбу Дәуіттің риуаят етуінше Абдулла ибн Аббас: «Расулаллаһ (с.а.у) пітір садақасын беруді рамазан айындағы ораза кезінде жіберілген қателіктерді тазарту үшін әрі міскіндерге бір той болу үшін міндет еткен», - деген.
Сұрақ: Пітір садақасының мөлшері қанша?
Жауап: Пітір садақасының мөлшері бидайдан жарты сағ (1,625кг) және құрма, мейіз, арпадан бір сағ (3,25кг).
Сұрақ: Бұл заттардан басқа нәрселермен, күрішпен, жүгерімен немесе ақшалай беруге бола ма?
Жауап: Жоғарыда аталған мөлшердегі бидайдың құнына жетіп, пітір садақасын шығару ниетімен беруге болады.
Сұрақ: Сағтың мөлшері қанша?
Жауап: Әбу Ханифаның айтуынша бір сағ сегіз ирақ ратлына тең. Ал, Әбу Юсуф бір сағ 5,3 ратл (2,15кг) деген.
Ол үшін сіз төменде көрсетілген нұсқалардың кез келгенімен Қаржылай қайырымдылық жасай аласыз:
1. QIWI төлем терминалдары арқылы
Оплата услуг-> Другие услуги-> Фонды помощи-> КФ "ФОНД ЗАКЯТ ДУМК"
2. Банктегі есепшот арқылы:
АО "БанкЦентрКредит" Алматы
КФ «Фонд Закят ДУМК»
Kбе: 18 БИК: KCJBKZKX
БИН 110540000991
KZ208560000005121039
КНП 119 (благотворительная помощь )
АО "БанкЦентрКредит" Алматы
КФ «Фонд Закят ДУМК»
Kбе: 18 БИК: KCJBKZKX
БИН 110540000991
KZ208560000005121039
КНП 119 (благотворительная помощь )
Тел. 8 7172 99 9869
Моб: +7 778 407 08 50
Мекен-жайымыз:
010000, Астана қаласы, Қарасаз 3