“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
Демек олар сегіз түрлі болады:
Сұрақ: Кедей деген кім?
Жауап: Ол – дүниесі өте аз, мал-мүлкі зекет беруге жетпейтіндер.
Сұрақ: Міскін деген кім?
Жауап: Ештеңесі жоқ адам.
Сұрақ: Зекет жинаушылар кімдер?
Жауап: Ол – ел басшысы Алла Тағала мұсылмандарға парыз еткен зекетті жинауды тапсырған жұмыскерлер. Олар ел аралап, зекет жинайды. Сол еңбектері үшін ел басшысы оларға зекеттен береді.
Сұрақ: Құлдар кімдер?
Жауап: Қожайындарынан өз бостандықтарын сатып алу үшін қызметте жүрген құлдар.
Сұрақ: Қарызға батқандар кімдер?
Жауап: Қарызын өтеуге табысы, мал-мүлкі жетпейтін борышкерлер.
Сұрақ: Алла жолында жүргендер кімдер?
Жауап: Олар – Алла жолында соғысқа шығып, өз елдерінен жырақта қалып қойғандар.
Сұрақ: Пақыр жолаушылар кімдер?
Жауап: Ол ақшасы жоқ жолаушылар, тіпті өз елінде бай болса да.
Сұрақ: Дінге жаңа кірушілер деген кімдер?
Жауап: Олар кезінде Пайғамбарымыз (с.а.с.) жүректері жібіп, дінге кірер деген үмітпен зекеттің бір бөлігін берген ру-тайпалардың басшылары. Олар Исламға кірсе, олардың артындағы қауымдар да дінге кірер деп үміттелетін. Ислам діні кең тарап, Алла Тағала даңқын асырған соң оларға зекеттен беру керек болмай қалады. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.с.) заманынан кейін оларға зекеттен ешнәрсе берілмейтін болды.
Сұрақ: Демек, жоғарыдағы аятта аталған топтардан қазіргі уақытта жетеуі қалған болды ғой. Зекетті сонда осы топтардың барлығына тарату керек пе, әлде біреуіне берсе жете ме?
Жауап: Зекетті осы топтардың бір не бірнеше адамына немесе түрлі топтағы кісілерге берсе болады.
Сұрақ: Зекетті мұсылман емес пақырға, міскінге берсе бола ма?
Жауап: Зекетті мұсылман еместерге беруге болмайды.
Сұрақ: Зекет қаражатын өлікке кебін алуға, мешіт, мектеп, көпір, жол салуға жұмсауға бола ма?
Жауап: Зекет малын бұл мақсаттарға жұмсауға болмайды. Зекетін осы мақсатқа жұмсаған болса қайтадан зекет береді. Өйткені зекет белгілі бір адамның иелігіне тапсырылуы керек. Ал, аталған кебін, мектеп, мешіт сияқты нәрселер жеке кісінің иелігінде емес.
Сұрақ: Зекетті медресе істерін басқарушыға берудің үкімі қандай?
Жауап: Зекет иесі зекетін медресені басқарушыға беріп, кедей оқушыларға таратуды тапсырса болады. Шарты – басқарушы зекетті олардың иеліктеріне тапсырып, таратуы тиіс. Бірақ оқушылардың тамағына, медреселерін жөндеуге немесе мұғалімдер мен жұмысшылардың жалақыларына жұмсауына болмайды.
Сұрақ: Егер зекетіне құл сатып алып босатып жіберсе зекетін өтеген бола ма?
Жауап: Жоқ. Зекет олай өтелмейді.
Сұрақ: Зекет берушінің зекетін пақыр туыстарына беруіне бола ма?
Жауап: Бұл мәселедегі туыстық қатынастар екі түрлі. Біріншісі зекет берушімен арасында әке-балалық туыстық бар: мысалы, ата-анасы, ата-әжелері, балалары, немерелері, ал екінші топқа бірге туысқан ағайындар – аға-інілері, апа-қарындастары, көке-әпкелері, нағашы аға-апалары және осылардың балалары. Бірінші топтағы туыстарға, яғни өзінің ұл-қыздарына, немерелеріне немесе ата-әжелеріне зекет беруге болмайды. Ал, екінші топтағы кедей туыстарына берсе екі есе сауап алады. Біріншіден, зекет парызын өтеудің сауабын, екіншіден, туысқандық қатынасты сақтағандығының сауабын алады
Сұрақ: Егер мынау зекет малы еді десе олардың алмауы мүмкін. Сонда оларға алдырудың жолы қандай болмақ?
Жауап: Оны анықтап айтудың қажеті жоқ. Ішінен зекетті ниет етіп, оларға сый ретінде беруге болады. Шарты – олардың зекет алуға лайықты мұқтаж жандар болуы. Содай-ақ, хашимиттерден (Пайғамбарымыз (с.а.с.) туыстары) болмауы тиіс.
Сұрақ: Күйеуі әйеліне немесе әйелі күйеуіне зекетін берсе бола ма?
Жауап: Әбу Ханифаның айтуынша зекетті бұлай беруге болмайды. Ал, Әбу Юсуф пен Мұхаммед бұлай беруге болады деген.
Сұрақ: Зекетін бай кісіге немесе байдың баласына берсе бола ма?
Жауап: Жоқ, болмайды. Өзінің қажеттіліктерінен тыс зекет беретін мөлшердегі мал-мүлкі бар байға, оның жас балаларына беруге болмайды. Ал, енді байдың баласы жасы үлкен әрі мұқтаж болса беруге болады.
Сұрақ: Кедейлер мен міскіндердің арасында зекет беруге болмайтындары бола ма?
Жауап: Иә, хашимиттердің, яғни Пайғамбарымыз (с.а.с.) туыстарының, тіпті, кедей, міскін болса да садақа, зекет алуларына болмайды. Олар - Әлидің (р.а), Аббастың (р.а), Жағыпардың (р.а), Ұқайл әулетінің (р.а), Абдумұталиб ұлы Харис (р.а) әулетінің ұрпақтары.
Сұрақ: Егер бұлар өте мұқтаж болса қалай көмектесуге болады?
Жауап: Садақа мен зекеттен басқа нәрселермен көмектесуге болады.
Сұрақ: Зекет беруші өзінің зекетін лайықты деп ойлаған адамына беріп, кейін оның зекет алуға лайық емес – бай не хашимит, не кәпір екенін білсе немесе қараңғыда пақырға беріп, кейін ол пақырдың өзінің әкесі не баласы екенін анықтаса зекетін қайтадан беруі керек пе?
Жауап: Ол зекетін орындап, парызынан құтылған болып есептеледі. Қайтадан берудің қажеті жоқ. Бұл Әбу Ханифа мен Мұхаммедтің пікірі. Ал, Әбу Юсуф қайтадан беруі керек деген.
Сұрақ: Зекет беруші зекетін лайықты деп ойлаған адамына беріп, кейін оның зекет берген адамы өзінің құлы немесе жалдамалы құлы болып шықса зекеті дұрыс бола ма? Бұл туралы ғалымдарымыз не деген?
Жауап: Ғалымдарымыз бір ауыздан ондай жолмен берілген зекетті дұрыс деп санамаған.
Сұрақ: Дені сау әрі кәсібі бар, бірақ мал-мүлкі зекет беретін мөлшерге жетпейтін адамға зекет беруге бола ма?
Жауап: Иә, болады.
Сұрақ: Зекетін өзі тұратын елден басқа бір елге апарып тарату дұрыс бола ма?
Жауап: Негізінде әрбір елдің зекеті сол елде таратылуы тиіс. Зекетін басқа елге апару мәкруһ. Тек ол жақта кедей туыстары тұратын болса немесе ол жақтағы мұсылмандар өз еліндегілерден гөрі мұқтаж болса апаруға болады.
Ол үшін сіз төменде көрсетілген нұсқалардың кез келгенімен Қаржылай қайырымдылық жасай аласыз:
1. QIWI төлем терминалдары арқылы
Оплата услуг-> Другие услуги-> Фонды помощи-> КФ "ФОНД ЗАКЯТ ДУМК"
2. Банктегі есепшот арқылы:
АО "БанкЦентрКредит" Алматы
КФ «Фонд Закят ДУМК»
Kбе: 18 БИК: KCJBKZKX
БИН 110540000991
KZ208560000005121039
КНП 119 (благотворительная помощь )
АО "БанкЦентрКредит" Алматы
КФ «Фонд Закят ДУМК»
Kбе: 18 БИК: KCJBKZKX
БИН 110540000991
KZ208560000005121039
КНП 119 (благотворительная помощь )
Тел. 8 7172 99 9869
Моб: +7 778 407 08 50
Мекен-жайымыз:
010000, Астана қаласы, Қарасаз 3