ҚМДБ Зекет қоры 2011 жылдың 3-ші маусымында Әділет Министрлігінде тіркелді. Қордың толық заңды атауы: «Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Зекет Қоры» Корпоративтік қоры.
ҚМДБ Зекет қоры – жеке және заңды тұлғалардың зекеттері мен садақаларын қабылдап, оны Шариғат үкімдеріне сай таратумен айналысатын ұйым.
Қордың құрылтайшысы – Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы.
Миссиясы:
- Қасиетті Құран Кәрім мен сүнетті басшылыққа ала отырып, шариғат үкімдеріне сәйкес Қазақстан мұсылмандарының зекетінің жиналуы мен таратылуын жүзеге асыру
Мақсаттары:
Өзін-өзі қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ете алмайтын ауыл мешіттеріндегі дін қызметкерлеріне жалақы беру;
Қазақстанның діни оқу орындарындағы студенттерге шәкіртақы тағайындау;
Діни оқу орындарына ғимараттар салып, оларды техникалық базамен қамтамасыз ету;
Қазақстанның діни медреселеріне заманауи студенттер үйін салу;
Қажетті діни басылымдарды баспаға әзірлеп шығару, халыққа тарату;
Ислам дінінің лайықты түрде насихатталуына қаржылай қолдау көрсету;
Жағдайы төмен топтарға қаржылай көмек беру;
ҚМДБ-ның басқа да діни қыметтеріне қаржылай қолдау көрсету.
Басты ұстанымы:
– Шариғатқа (Ханафи мәзһабы бойынша) сәйкестік
– Халыққа ашықтық
– Ресмилік