“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры -

ҚР, Астана қаласы, Қарасаз 3

+7 778 407 08 50

  • Басқы бет
  • Қор туралы
  • Зекет туралы
  • Жаңалықтар
  • Eсеп
  • Жобалар
    • Мақалалар
  • Байланыс
Зекетті Online есептеу

ҚМДБ: «Зекет» қоры қазақстандықтарға 283 тонна құрбандық ет таратты.

  • Печать
  • Электронная почта
Опубликовано: 15 августа 2019
Просмотров: 1031

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет» атты қоры Құрбан айт мерекесіне байланысты қазақстандықтарға 283 тонна құрбандық ет таратты. Бұл қайырымдылық акциясы бүкіл Қазақстан аймақтарында өтті. Көмек аз – қамтылған және мұқтаж, көп балалы жанұяларға, және қарттар мен мүгедектерге көрсетілді.

  • Click to enlarge image DSC00372.JPG
  • Click to enlarge image DSC00380.JPG
  • Click to enlarge image DSC00421.JPG
  • Click to enlarge image DSC00427.JPG
  • Click to enlarge image DSC00432.JPG
  • Click to enlarge image DSC00449.JPG
  • Click to enlarge image DSC00459.JPG
  • Click to enlarge image DSC00462.JPG
  • Click to enlarge image DSC00469.JPG
  • Click to enlarge image DSC00476.JPG
  •  
View the embedded image gallery online at:
https://zeket.online/8-ourworks/168-283.html#sigProId407fbf693a

Тек Алматы қаласы бойынша 2,5 тоннаға жуық ет таратылды. «Зекет» қорының бас кеңсесі 300 отбасыға 10 қой және 11 сиырдың етін сыйға берді. Құрбандық шалу және тарату рәсімі «Сұлтан» базарының халал қасапханасында ұйымдастырылды. Келушілерге үлкен дастархан жайылып, қасиетті Құрбан айт мерекесінің құрметіне ас берілді. Елордасы Нұр – Сұлтан қаласында 200 отбасына 1 тонна мөлшерінде ет берілді.

Жалпы есептегенде, Қазақстан бойынша «Зекет» қоры арқылы 6 түйе, 743 ірі қара және 8 538 қой сойылып, 283 тоннаға жуық ет таратылды. 34 900 мұқтаж отбасыға сыйланған ет құны – 424 миллион теңге. Бұл іс - шара аясында 55 әлеуметтік мекемелерге комек көрсетілді, олардың ішінде: соқырлар қоғамдары, мүмкіндігі шектеулі және мүгедектер үйлері, қарттар үйлері, мектептер және медреселер.

Айта кетсек, «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге!» деген жобасы аясындағы мұқтаж адамдар Құрбан айт мерекесіне сыйлықсыз қалмады. Бұл қаситетті мейрамда ҚМДБ- ның Талдықорған өңірі бойынша «Зекет» қоры 116-шы және 117-ші баспананы табыс етті. Бұл жолғы баспаналар Қабанбай ауылындағы жеті бала анасына және Көшкентал ауылындағы үш қыз тәрбиелеп отырған жалғызбасты мүгедек анаға бұйырды.

Қорытысында, бұл үлкен сауапты іске қолдауын көрсетіп, барлық құрбандық шалған кісілерге, іс – шараны ұймдастырып отырған «Зекет» қорының басшысына, өкілдеріне және де атсалысқан барша қызметкерлерге үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді! «Зекет» қорына жәрдем етіп, халал қасапхананы бөлгені үшін, Алматы қаласындағы «Сұлтан» базарының директоры Садыров Ринат Магомедовичқа ерекше алғысымызды корсетеміз! Сіздерге Алланың нұры жаусын! Шалынған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!

Қор реквизиті

АО "БанкЦентрКредит" Алматы

КФ «Фонд Закят ДУМК»

Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX

БИН 110540000991

KZ208560000005121039

КНП 119 (благотворительная помощь )

Байланыс:

Тел. 8 7172 99 9869

Моб: +7 778 407 08 50

 

 

Мекен-жайымыз:

010000, Астана қаласы, Қарасаз 3

Жаңалыққа жазылу

ОК

Әлеуметтік желілерде бізбен бірге болыңыздар

  • Онлайн Садақа беру
  • Зекет калькуляторы
  • Онлайн Зекет Виджеті
  • Онлайн өтініш қалдыру
  • Политика конфиденциальности
Copyrights © 2011-2024 Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы Зекет Қоры