“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры -

ҚР, Астана қаласы, Қарасаз 3

+7 778 407 08 50

  • Басқы бет
  • Қор туралы
  • Зекет туралы
  • Жаңалықтар
  • Eсеп
  • Жобалар
    • Мақалалар
  • Байланыс
Зекетті Online есептеу

БАС МҮФТИ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІНЕ 279 БАСПАНА КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

  • Печать
  • Электронная почта
Опубликовано: 05 октября 2020
Просмотров: 1688

Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елорда іргесіндегі Қоянды ауылының тұрғыны Мая Сафонқызына үш бөлмелі үйдің кілтін табыстады.

Төрт жылдан бері 40 тонналық темір контейнерді паналап келген мектеп мұғалімі үшін бүгіннен бастап бақытты күндердің есігі айқара ашылғандай. ҚМДБ «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Нұр-Сұлтан өкілдігінің ұйытқы болуымен 279-баспана кілті – Мая Сафонқызына төл мерекесінде жасалған теңдессіз сыйлық болды.

Осыдан төрт жыл бұрын жұбайы Әскер Калемханұлы басынан жарақат алып, еңбекке жарамсыз болып қалғалы тағдыр тауқыметі титықтатқан шарасыз отбасы темір контейнерді паналап келген болатын. Сырқат күйеуі мен екі баласын асырау оңайға соқпаса да, Қоянды мектебіндегі ұстаздық қызметінен қол үзбеген. Қиындықпен жалғыз алысқан қайсар жанға құрмет ретінде мерекелік шара Ұстаздар күніне орайластырылып, Калемхановтар отбасы үшін тосын сый жасалды

Игілікті шараға белгілі тележүргізуші, сенатор Дана Нұржігітқызы арнайы қатысып, мектеп мұғалімінің қуанышымен бөлісіп қайтты. Жаңа баспанада жайылған дастарханда басында ізгі тілектер айтылып, қазақы дәстүрге сай жаңа шаңыраққа қажетті сыйлықтар тарту етілді. Игі шараға демеушілік танытып, сүттей ұйыған бір отбасының бақытты болуына септіктерін тигізген Ерлік Хайдарұлы бастаған ел ағалары да қуаныштың басынан табылып, ізгі тілектерін білдірді.

  • Click to enlarge image 0c44e68a-239a-4c3d-9a5c-c5c1cf91ec15.jpg
  • Click to enlarge image 1fcf088e-1e7c-4527-b38e-eecc956e8a3d.jpg
  • Click to enlarge image 3Z0A4492.jpg
  • Click to enlarge image 4589a9d8-29be-4864-b3a6-2881569b5517.jpg
  • Click to enlarge image 538389e3-2ab5-4319-bcea-8d355860fc92.jpg
  • Click to enlarge image 72235f24-3265-410e-bad5-ffd1dd48499b.jpg
  • Click to enlarge image 834e958e-b536-40bc-8843-76df6c15359a.jpg
  • Click to enlarge image 9dee4959-bc92-4276-b53b-5471f492d93c.jpg
  • Click to enlarge image bcf94f8e-9899-4869-8bd5-16211343f15b.jpg
  • Click to enlarge image c15a846f-697c-4e3c-a45d-082f0381798a.jpg
  • Click to enlarge image c20053f2-4849-45b3-ba77-67d0e040bfc4.jpg
  • Click to enlarge image ce9ec2bf-4bac-4f5c-a1fb-d424171292af.jpg
  • Click to enlarge image fcbcea6e-492d-4811-90f5-a70aea304d60.jpg
  •  
View the embedded image gallery online at:
https://zeket.online/8-ourworks/407-bas-m-fti-mektep-m-alimine-279-baspana-kiltin-tabystady.html#sigProIdb2e0a0831c

Қор реквизиті

АО "БанкЦентрКредит" Алматы

КФ «Фонд Закят ДУМК»

Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX

БИН 110540000991

KZ208560000005121039

КНП 119 (благотворительная помощь )

Байланыс:

Тел. 8 7172 99 9869

Моб: +7 778 407 08 50

 

 

Мекен-жайымыз:

010000, Астана қаласы, Қарасаз 3

Жаңалыққа жазылу

ОК

Әлеуметтік желілерде бізбен бірге болыңыздар

  • Онлайн Садақа беру
  • Зекет калькуляторы
  • Онлайн Зекет Виджеті
  • Онлайн өтініш қалдыру
  • Политика конфиденциальности
Copyrights © 2011-2024 Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы Зекет Қоры