“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры -

ҚР, Астана қаласы, Қарасаз 3

+7 778 407 08 50

  • Басқы бет
  • Қор туралы
  • Зекет туралы
  • Жаңалықтар
  • Eсеп
  • Жобалар
    • Мақалалар
  • Байланыс
Зекетті Online есептеу

ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

  • Печать
  • Электронная почта
Опубликовано: 14 ноября 2021
Просмотров: 628

Үйі өртенген отбасыға халық баспана салып берді

Ақмола облысында шаңырағы өртке оранып, асыраушысы мен баспанасынан айрылған жалғызбасты анаға көпшілік үй салып берді. Қайғылы жағдайды әлеуметтік желіден естіген отандастарымыздан айналасы бір аптаның ішінде 6 млн теңге қаржы жиналып, құрылыс жұмыстары бір айға жуық жүргізілген. Осылайша қаңқасы ғана қалған ескі үй кеңейтіліп қайта салынды. Облыстық «Науан Хазірет» мешітінің мұрындық болуымен жасалған қайырымды іске жергілікті кәсіпкерлерден бастап, қарапайым халықтың бәрі атсалысты, — дейді, ауылдықтар. Жаңа баспана «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық жобасының аясында берілді. Бұл, аталған бағдарлама бойынша мұқтаж отбасыларға тарту етілген аймақтағы 19-ыншы, ал, еліміздегі 480-інші үй. Баспана барлық қажетті жиһаз және тұрмыстық техникалармен жабдықталды. Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын Степногорск қаласына қарасты Байқоныс ауылында тілсіз жаудың кесірінен сондағы бір жас отбасының үйі толық жанып кеткенін айтқан болатынбыз. Қызыл жалын олардың бес жасар баласы мен отағасын да жалмаған еді. Апаттан аман қалған келіншек пен оның қос бүлдіршінін халық осылай далада қалдырмады.



АҚЕРКЕ БИТАН, БАЙҚОНЫС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Басыма іс түсіп жатқанда қайғымды бөлісіп, кішкене де болса көңілімді аулап сөйтіп жатқан халқыма рахмет! Көптен көп рахмет! Алла разы болсын! Басыма баспана салып беріп жатқан, қандай ел болып көмектесіп жатқан халқыма рахмет! Рахметтен басқа айтарым жоқ».



ДӘУЛЕТ ҚҰМАРҰЛЫ, БАЙҚОНЫС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Барша халықтың келіп жұмылып, сонау Аралдан келіп, Тараздан келіп, біреулер келіп жаңа көмірін түсіріп кетті. Біреулер келіп, сылағын істеп кетті. Біреулер келіп ана шатырын жауып беріп кетті. Енді біреулер келіп сыртын жасап жатқанда біреулер келіп, біреулер келіп ішінің паровойын тартып деген сияқты. Сөйтіп халықтың көптеген көмегі тиді».


ҚУАНЫШ ҚАЖЫ ЖҰМАБАЙҰЛЫ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ
«Бүгінгі күні үйді толығымен ремонттап, үйдің ішіне қажеттітехника алынды. Осы үйді басынан аяғына дейін жөндеуге 6 млн теңгеден астам қаражат жиналды. Және де оның сыртында біздің демеушілеріміз өз үлесін қосты. Соның ішінде Алуа Строй құрылыс компаниясы осы үйді толығымен жасап бітірді. Және де оның сыртында одан да басқа кәсіпкерлеріміз атсалысып, бүгін баспана кілтін табыстадық. Алла баршасынан разы болсын!»

  • Click to enlarge image 029356B1-51D0-48B1-8119-013323A8339E.jpeg
  • Click to enlarge image 037FE444-4E58-4C0E-A9EC-818D78BFBF4C.jpeg
  • Click to enlarge image 063C2D3B-1AE5-499A-86D9-07450E5B3709.jpeg
  • Click to enlarge image 2B5A24B9-305A-4D0F-A2FD-EF79B00A0859.jpeg
  • Click to enlarge image 4003A427-4C98-4511-923A-B41071718868.jpeg
  • Click to enlarge image 40C0E95C-3F9C-49BF-9B57-B6A19ED490A5.jpeg
  • Click to enlarge image 514EB64E-A2D4-4FDD-9389-448448006EEA.jpeg
  • Click to enlarge image 53FF55FC-9141-435F-8315-32F1911DF78D.jpeg
  • Click to enlarge image 8FADBC2A-FF1B-4EEC-9ACE-82786DF53A2A.jpeg
  • Click to enlarge image A22B3050-C33F-48CE-AD0E-A9417ADE5F06.jpeg
  •  
View the embedded image gallery online at:
https://zeket.online/8-ourworks/579-zh-myla-k-tergen-zh-k-zhe-il.html#sigProId87766e7f6d

Қор реквизиті

АО "БанкЦентрКредит" Алматы

КФ «Фонд Закят ДУМК»

Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX

БИН 110540000991

KZ208560000005121039

КНП 119 (благотворительная помощь )

Байланыс:

Тел. 8 7172 99 9869

Моб: +7 778 407 08 50

 

 

Мекен-жайымыз:

010000, Астана қаласы, Қарасаз 3

Жаңалыққа жазылу

ОК

Әлеуметтік желілерде бізбен бірге болыңыздар

  • Онлайн Садақа беру
  • Зекет калькуляторы
  • Онлайн Зекет Виджеті
  • Онлайн өтініш қалдыру
  • Политика конфиденциальности
Copyrights © 2011-2024 Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы Зекет Қоры