“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры -

ҚР, Астана қаласы, Қарасаз 3

+7 778 407 08 50

  • Басқы бет
  • Қор туралы
  • Зекет туралы
  • Жаңалықтар
  • Eсеп
  • Жобалар
    • Мақалалар
  • Байланыс
Зекетті Online есептеу

Ақтөбеде Республика күніне арналған мерекелік шаралар өтті

  • Печать
  • Электронная почта
Опубликовано: 26 октября 2023
Просмотров: 126

ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде 25 қазан Ұлттық мереке – Республика күніна орай бірқатар іс шаралар өтті. 

 Жамағат арасындағы татулық пен бірлікті, бауырмалдықты, отансүйгіштікті арттыру мақсатында қазақша күрес, арқан тарту, қол күрес, асық ату сынды ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, от ойы озық болған жеңімпаздарды облыстың Бас имамы марапаттады.

Ұлттық мерекені ұлықтау мақсатында мешіт ауласында 2 киіз үй тігіліп, онда көрме ұйымдастырылып, қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдардан қайырымдылық жәрмеңкесі де болды.

Киіз үйде арнайы мерекелік дастархан жайылып, қала тұрғындары мен мешіт жамағаты дәм татса, ауылдың алты ауызы атанған өнерпаздар терме орындап, ақ жаулықты әжелер мен ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшелері ақ батасын берді.

«Бала біздің болашағымыз» деген қағиданы ұстанған дін мамандары балаларға батут орнатып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Қазағымызда «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген жақсы сөз бар. Расымен де саялы ағаш егіп, балаға мирас болатын бұл дәстүрде мерекелік шарада жалғасын тауып, облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы, облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев және еріктілер шырша, қарағай т.с.с түрлі 100 түп талды екті.

Игі шара қортындысында ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысындағы өкілдігі көп балалы, аз қамтылған, әртүрлі санаттағы мүмкіндігі шектеулі 100 отбасыға 4 тонна 200 кг азық-түлік үлестірілді.

Облыстың Бас имамы ұлттық мереке күніне арналған шаралар туралы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Айта кетейік, аталған шара қала, аудан, ауыл мешіттерінде де жалғасын тапты.

 

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі

 

  • Click to enlarge image 01.jpg
  • Click to enlarge image 06.jpg
  • Click to enlarge image 07.jpg
  • Click to enlarge image 08.jpg
  • Click to enlarge image 09.jpg
  • Click to enlarge image 10.jpg
  • Click to enlarge image 25.jpg
  • Click to enlarge image 26.jpg
  • Click to enlarge image 27.jpg
  • Click to enlarge image 29.jpg
  • Click to enlarge image 30.jpg
  •  
View the embedded image gallery online at:
https://zeket.online/8-ourworks/834-a-t-bede-respublika-k-nine-arnal-an-merekelik-sharalar-tti.html#sigProIdbbb3d0f6be

Қор реквизиті

АО "БанкЦентрКредит" Алматы

КФ «Фонд Закят ДУМК»

Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX

БИН 110540000991

KZ208560000005121039

КНП 119 (благотворительная помощь )

Байланыс:

Тел. 8 7172 99 9869

Моб: +7 778 407 08 50

 

 

Мекен-жайымыз:

010000, Астана қаласы, Қарасаз 3

Жаңалыққа жазылу

ОК

Әлеуметтік желілерде бізбен бірге болыңыздар

  • Онлайн Садақа беру
  • Зекет калькуляторы
  • Онлайн Зекет Виджеті
  • Онлайн өтініш қалдыру
  • Политика конфиденциальности
Copyrights © 2011-2024 Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы Зекет Қоры