ҚМДБ -ның Төрағасы, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысы бойынша "Зекет және қайырымдылық қоры" " Өмірге үміт сыйла " акциясын жүзеге асырды.
Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының қолдауымен жүзеге асқан шара барысында облыстық "Әнет баба" мешіті ауласында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жиналған барлық қаражат Адия Қанатқызының еміне арналған есепшотқа аударылды.
Қайырымдылық шарасы барысында "Зекет және қайырымдылық"қорының облыс бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы бүлдіршіннің анасына қайырымдылық сертификатын табыстады.
Айта кетейік,игі шара " Бірлік қайырымдылық қорының ат салысуымен және мешіт еріктілерінің қолдауымен жүзеге асты .
https://zeket.online/8-ourworks/863-mirge-mit-syjla-aktsiyasyn-z-zhal-asyn-tabuda.html#sigProIdadb423a737