Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде «Тайқазан» атты ауқымды қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Ізгі шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Ринат Маратұлы және дін қызметкерлері қатысты.
Жомарт жүректі азаматтардың қолдауының арқасында жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 150 отбасыға бір айлық азық-түлік себеттері үлестірілді.
«Сынаққа сабыр ету – мұсылманның сипаты. Қиындыққа еш мойымаңыздар. Бала-шағаларыңыздың қызығын көріңіздер. Сіздердің отбасыларыңызда елім, жерім дейтін салиқалы азаматтар өсе берсін», деп облыс бас имамы жиналған көпшілік қауымға батасын берді.
https://zeket.online/8-ourworks/872-bas-imam-taj-azan-ajyrymdyly-sharasyna-atysty.html#sigProId80c12f85a0