“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры -

ҚР, Астана қаласы, Қарасаз 3

+7 778 407 08 50

  • Басқы бет
  • Қор туралы
  • Зекет туралы
  • Жаңалықтар
  • Eсеп
  • Жобалар
    • Мақалалар
  • Байланыс
Зекетті Online есептеу

Ақтөбе: 150 отбасыға «Рамазан қоржыны» табысталды

  • Печать
  • Электронная почта
Опубликовано: 29 марта 2024
Просмотров: 129

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірдегі өкілі Алмат Әлидің ұйымдастыруымен 4 тонна 500 кг азық-түлікті қамтыған «Рамазан қоржыны» 150 отбасыға табысталды. 

Қасиетті Рамазан айында сауаптар 70-тен 700 есеге дейін еселенеді. Яғни, бұл айда жасалған әрбір игі амал ерекше. Осындай жақсылықтың бірі ретінде «Рамазан қоржыны» деп аталатын ауқымды қайырымдылық шарасы облыстық «Нұр Ғасыр» мешітіндегі дін жанашыры Ардақ Садақбайұлының зекетін беруімен және «Анвар» сауда желісінің демеушілігімен өтті.

Сонымен қатар арнайы тізім бойынша шақыртылып, көмек алуға жиналғандардың алдына облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы Рамазан айымен құттықтап, зекетін беріп, демеушілік жасаған жандарға Алла разы болсын деп игі тілегін білдірді. «Рахым айында берілген садақаның сауабы еселеп артады. Сондықтан жағдайы бар адамдар ораза кезінде Зекет беруге асыққаны абзал. Алла Тағала зекетін берген адамның өмірін берекелендіріп, күнәсынан тазартатындығы айтылады. Алайда, адам сол ең жақсы көрген дүниесін Алла жолында бөлісуімен құлдығы шынайыланбақ. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Зекет – Исламның көпірі» деу арқылы әлеуметтік өмірдегі теңдікті сақтаудың негізі екендігін айтқан.

Рамазанда Ардақ Садақбайұлының зекет ретінде таратуы – Алла Тағаланың бұйрығына бағынуы деп бағалаймыз. Біз басқа да кәсіпкер азаматтарды өз Зекетін мұқтаж отбасылармен бөлісіп, осындай сауапты іске атсалысуға шақырамыз», - деді облыстың Бас имамы. Шара қортындысында көп балалы т.б аналар ұйымдастырушылар мен кәсіпкерлерге алғысын айтып, ақ батасын берді. Одан өзге облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы БАҚ өкілдеріне шараның маңыздылығы туралы сұхбат берді. Қайырымдылық шаралары әлі де жалғасын табады.

 

  • Click to enlarge image 09b781ff-69f0-4e1d-a438-419ab490f96b.jpg
  • Click to enlarge image 1429dc7b-3c83-49b9-8a1d-77f9c2c6f56d.jpg
  • Click to enlarge image 1_sw3choD.jpg
  • Click to enlarge image 1b4c180d-6166-4e99-97c5-200997092486.jpg
  • Click to enlarge image 3a22e091-b122-418c-ae65-2c8c0288e1e1.jpg
  • Click to enlarge image 3cf59b67-cbc7-4f0f-9550-eca45da3a841.jpg
  • Click to enlarge image 4eda27d6-3b2b-4982-be26-2317e00b0297.jpg
  • Click to enlarge image 5b40af25-d001-40fd-9ebe-77724e925e6f.jpg
  • Click to enlarge image 66d2c0e7-5e38-487b-aa81-321499978e65.jpg
  • Click to enlarge image 723367e7-d27b-4f6b-9c92-d01703e14950.jpg
  • Click to enlarge image 770aa01b-bc22-4985-a165-8f87c9e34eec.jpg
  • Click to enlarge image 801fa414-cc0a-4c95-bcce-cfa010175fe3.jpg
  • Click to enlarge image 8a85edba-1fa8-40ae-92d3-195aaf115713.jpg
  • Click to enlarge image 9f24a378-e659-479a-bce3-d7ec11360455.jpg
  • Click to enlarge image a28e79b4-f207-493e-818f-91b3c05811c3.jpg
  •  
View the embedded image gallery online at:
https://zeket.online/8-ourworks/895-a-t-be-150-otbasy-a-ramazan-orzhyny-tabystaldy.html#sigProId78130b099d

Қор реквизиті

АО "БанкЦентрКредит" Алматы

КФ «Фонд Закят ДУМК»

Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX

БИН 110540000991

KZ208560000005121039

КНП 119 (благотворительная помощь )

Байланыс:

Тел. 8 7172 99 9869

Моб: +7 778 407 08 50

 

 

Мекен-жайымыз:

010000, Астана қаласы, Қарасаз 3

Жаңалыққа жазылу

ОК

Әлеуметтік желілерде бізбен бірге болыңыздар

  • Онлайн Садақа беру
  • Зекет калькуляторы
  • Онлайн Зекет Виджеті
  • Онлайн өтініш қалдыру
  • Политика конфиденциальности
Copyrights © 2011-2024 Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы Зекет Қоры