Су басқан аймақтарға көмек көрсету бойынша ҚМДБ ШҚО өкілдігі екінші гуманитарлық көмекті жинап аяқтады. «Зекет және қайырымдылық» қоры жауапты өкілдерінің ұйымдастыруымен су апатынан зардап шеккен Атырау облысының Құлсары қаласына 10 тонна көмек жөнелтті.
Гуманитарлық көмекті аттандыру сәтінде қордың өкілі Берік Кәдірұлы: «Қиындыққа ұшыраған бауырларымызға қол ұшын беру дініміздегі игі парызымыз. Өкілдік бойынша «Қиындықта ел бірге» деген акция аясында осындай көмек жинау шарасы ұйымдастырылды. Халық ынтымақпен ат салысып жатыр. Жақсы іске жаршы болып, қиыншылықта жұдырықтай жұмылу біздің ұлттық қасиетіміз» деп атап өтіп, «Халифа Алтай» мешітінің дін қызметкері ақ бата беріп, жүк тиелген көліктерді шығарып салды.
Қажетті гуманитарлық көмектің құрамында тез бұзылмайтын азық-түлік, жылы киім, көрпе – төсек, гигиеналық құралдар, дәрі-дәрмектер құм дорбалары бар.
Халифа Алтай» мешіті қабылдау пунктінен бұған дейін гуманитарлық көмек Солтүстік Қазақстан облысына жөнелтілген.
https://zeket.online/8-ourworks/925-sh-o-lsary-a-10-tonna-k-mek-zh-neltildi.html#sigProId991a6bbe13