“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
Бес парыздың бірі – зекет
Күллі мадақ пен мақтауларға лайық әлемнің жаратушысы Алла Тағала мұсылмандарға адамзаттың ең таңдаулы құрмет пен тағзымға лайық тұлғасы, хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с) арқылы парыздарын бекітті. Исламның осынау інжу-маржан асыл негіздерінің бірі – зекет.
Асыл дініміз Исламда «Зекет» – көбею, өсу, берекет, тазару, ағыл-тегіл, ас та төк нығметтерге шүкіршілік айту секілді мағыналарды қамтиды.
Ал зекеттің шариғаттағы мағынасы: қоғамдағы мұқтаж адамдарға қаржыны (мүлікті) риясыз көмек ретінде, нисабқа (белгілі мөлшерге) жететін байлыққа ие болған адам, байлығының белгілі бір бөлігін жылына бір рет Алла Тағаланың ризалығы үшін беруі.
Ата-бабадан қалған жәдігерліктің ішкі сырына үңілсек, Ислам айқыштарының бірі – зекеттің ізін Абайдың әкесі туралы айтқан мына шумағынан оқуға болады:
«Зекет жиып, егін сап,
Тойдырған ғаріп, жатақты». Құнанбайды жұрт дәулетіне қарап бағаламай, ақылы мен парасаттылығына, қайырымдылығы мен адалдығына бас иген. Содан болар, ол айналасындағылардың жүрегінде Құдайға деген махаббаттың шырағын жағуды көздеген. Рухани байлық жолында дәулет-байлықты құрбан еткен.
Зекет — Исламның бес парызының бірі. Оған Абдуллаһ ибн Омардан риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Ислам бес нәрседен тұрады. (Олар:) Иман етіп, кәлима айту, намаз оқу, зекет беру, қажылыққа бару және Рамазан оразасын ұстау»[1], – деп айтқан сөзі дәлел.
Зекет – тек материалдық көмек беру емес, ол ең әуелі мұсылманға жүктелген үлкен ғибадат.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Мал – мүліктеріңді зекетпен қорғаңдар, ауруларыңды садақамен емдеңдер және бәлеге қарсы дұға әзірлеңдер»[2]- деген хадисі көп нәрсені аңғартса керек.
Жалпы, зекеттің мұсылманға тигіздер пайдаларын саралайтын болсақ, олар төмендегіше:
1) Зекет төлеу байлықты арттырудың себебі болады, өйткені осының арқасында белгілі бір қаржы кедейлер мен мұқтаждардың қолына түседі, бұл өз кезегінде экономика мен сауданың жандануына алып келеді. Алла Тағала: «... тиісті орынға бір нәрсе жұмсасаңдар, сонда Алла тағы есесін береді» - деп айтқан (Сәбә, 39-аят).
2) Намазды санамағанда, құлшылық етудің бұл түрі ең жақсы құлшылық болып саналады. Алла Тағала Құранда өзінің әмірлері мен тыйымдарына бойұсынған құлдарын жәннатпен сүйіншілеп, мейіріміне бөлейтіндігі турасында уәде еткен. Ал, сондай әмірлердің бірі – зекет екені даусыз. Сонымен қоса, зекеттің – күнәлардың кешірілуіне себеп болатыны да Құранда айтылған: «Олардың малдары көбейіп және өздері күнәлардан тазалануы үшін мұсылмандардың малдарынан садақа (зекет) ал» («Тәубе», 103-аят).
3) Зекет ғибадаты адамды осы өзімшілдік, сараңдық, дүниеқорлық сияқты қылықтардан сақтап кішіпейілдік, жомарттық және кеңпейілдік сынды жақсы сипаттарға тәрбиелеп, баулиды.
4) Зекет – бақытқа апаратын бастаулардың бірі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Зекет – Исламның көпірі»[3], – деп, әлеуметтік өмірдегі табиғи түрде бай, кедей деп бөлінгендердің зекет арқылы бір дастарқан басына жиналатындын ишарат етті.
5) Зекет пәле-жаладан, апаттан, ауру-сырқаудан сақтайды. Байлықтың талан-таражға түсіп, жоғалып кетуіне тосқауыл болып, берекесін арттырады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Садақа беру ешқашан байлықты кемітпейді»[4], - деп айтқан.
6) Зекет – қоғамдағы ұрлық-қарлық, алдап-арбау, адам тонау, кісі өлтіру сияқты жаман әдеттердің кеңінен жайылуына бөгет болады. Мұқтаж адамдардың өмір сүрулеріне керекті қажеттіліктер зекет сияқты заңды жолмен қамтамасыз етілгендіктен, қоғамдағы аталмыш болымсыз кереғар көріністер өздігінен азаяды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Малдарыңды зекетпен қорғаңдар» - деп айтқаны туралы хабарлады (ат-Табарани).
7) Шайтан малғұн адамды «Зекет берсең, кедейленіп, аш-жалаңаш қаласың», – деп азғырады. Шындығында, зекет – малымыздың азаюына емес, көбейіп, өсіп-өнуіне себеп. Құранда бұл шындық былай баяндалады: «Шайтан сендерді кедейлікпен қорқытып, жаманшылық жасауды бұйырады. Ал Алла сендерге өз тарапынан кешірімі мен кеңшілігін уәде етеді…» («Бақара» сүресі, 268-аят), «Алла өсімнің берекетін кетіріп жояды, ал садақасы берілген малды берекеттендіріп арттырады» (Бақара сүресі, 276-аят).
8) Зекет берген адамның жан-жүрегін, ішкі сезімін керемет қуаныш билеп, ерекше ләззат күй кешеді. Батыс елдерінде материалдық өмірмен етене байланысып, рухани тоқырауға ұшырағандарға психологтардың жаңа емнің түрі ретінде мұқтаж адамдарға көмек көрсетуді ұсынуы, кісі ойлантарлық. Хақ Тағала әр жақсылықтың есебін қолма-қол жүрекке рухани рахат құю арқылы сездіреді. Бұны ешбір материалдық рахаттан алу мүмкін емес.
9) Ислам дінінің бір адамның жеке басының пайдасы емес, тұтас қоғамның, халықтың пайдасы мен өркендеуін, сол арқылы әрбір тұлғаның да өсуін көздейді. Мал-мүліктің шынайы иесі Алла Тағала оны адамдарға пайдалану үшін беретіні сөзсіз. Сондықтан ондай байлыққа ие болған адам оны пайдаға асырып, басқалардың да игілігіне қолдануы қажет.
10) Зекет әрбір мұсылман және әрбір қоғам үшін өмірдің бір саласын қамтыған жоба.
Жалпы, мұсылман өміріндегі барлық ережелер мен қағидалардың қайнар көзі – Құран мен сүннет екендігі сөзсіз. Сол сияқты, мұсылманға бес парыздың бірі ретінде міндеттелген зекет ғибадатының да негіздерін Құран аяттары және пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистері арқылы бағамдап көрсек.
Кімде-кім зекет ғибадатын парыз деп қабылдамаса, діннен шығады. Ал, парыздығын қабылдап, алайда орындамаса күнәһар болады.
Who do not know how to pursue pleasure rationally encounter consequences that extremely painful nor again is there anyone who loves or pursues or desires to obtain pain of itself versions have evolveed over the years, sometimes by accident, sometimes all times purpose rationally.
Ол үшін сіз төменде көрсетілген нұсқалардың кез келгенімен Қаржылай қайырымдылық жасай аласыз:
1. QIWI төлем терминалдары арқылы
Оплата услуг-> Другие услуги-> Фонды помощи-> КФ "ФОНД ЗАКЯТ ДУМК"
2. Банктегі есепшот арқылы:
АО "БанкЦентрКредит" Алматы
КФ «Фонд Закят ДУМК»
Kбе: 18 БИК: KCJBKZKX
БИН 110540000991
KZ208560000005121039
КНП 119 (благотворительная помощь )
АО "БанкЦентрКредит" Алматы
КФ «Фонд Закят ДУМК»
Kбе: 18 БИК: KCJBKZKX
БИН 110540000991
KZ208560000005121039
КНП 119 (благотворительная помощь )
Тел. 8 7172 99 9869
Моб: +7 778 407 08 50
Мекен-жайымыз:
010000, Астана қаласы, Қарасаз 3