“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры -

ҚР, Астана қаласы, Қарасаз 3

+7 778 407 08 50

  • Басқы бет
  • Қор туралы
  • Зекет туралы
  • Жаңалықтар
  • Eсеп
  • Жобалар
    • Мақалалар
  • Байланыс
Зекетті Online есептеу
29
авг
  • font size decrease font size increase font size
  • Print
  • Email

Зекет қайда жұмсалады?

Алланың Елшісі (с.ғ.с.): «Шын мәнінде, бұл дүние тәтті жеміс секілді, кімде-кім оны жомарт бола отырып алса, онда ол оған жұғымды, баталы болады,...»[1] - деп айтқаның жеткізді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Маған зекет бер», – деген адамға былай жауап берген: «Ұлы Алла зекеттің берілетін орындары жайында Пайғамбарының да, басқаның да үкіміне разы болмай, өзі берді. Оны сегіз топқа бөлді. Егер сол сегіз топтың ішінде болсаң, саған есеңді беремін». Иә, зекеттің берілетін орындарын Алла Тағала былай баяндайды: «Шын мәнінде садақалар (зекеттер), кедей-кепшіктерге, түгі жоқ міскіндерге, зекетті жинауға тағайындалған адамдарға, көңілдері жібітілуі мақсат етілгендерге (жаңа мұсылмандарға), құлдарды азат етуге, қарызға батқандарға, Аллаһ жолына және қиналған жолаушыларға берілуі Аллаһ тарапынан парыз етілді», («Тәубе» сүресі, 60.).

Аятта айтылған сегіз топ:

1. Пақырлар. Пақыр деп нисап мөлшеріне жететін байлығы жоқ адамдар саналады.

2. Міскіндер. Міскін – еш нәрсесі жоқ адам. Мұндай адамның жағдайы кедейдің жағдайынан да төмен. Алла тағала «... немесе шаң топырақтағы сорлы» (Бәләд, 16-аят) деп айтқан. Бұл жерде ол аса жоқтықтан «жер бауырлайтын» және адамдардан өзіне тамақ пен киім сұрап қайыр тілейтіндерді айтып отыр.

3. Зекет жинауға тағайындалған арнайы адамдар. Зекеттердің жиналуы, сақталуы, есептеліп, лайық адамдарға таратылып, тапсырылуы сияқты жұмыстар үшін мемлекет тарапынан тағайындалған адамдар. Бұларға зекеттің белгілі бөлігі еңбектерінің қарымына айлық ретінде берілгендіктен, тағайындалған адамдардың бай болулары белгілеген мөлшерін алуларына бөгет емес.

4. Муәллафатул-қулууб. Ислам дінін жаңадан қабылдаған иманы әлсіз адамдардың, тіпті әлі Исламды қабылдамаған кейбір адамдардың көңілін жібіту үшін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кедей болсын, ауқатты болсын, оларға зекеттен белгілі есе беріп отырған. Бірақ Хазіреті Омар дәуірінде бұл топқа берілетін зекет тоқтатылған. Тоқтатылуының басты себебі, Ислам дінін Алла дүниеге қанат жайып қуаттанғаннан кейін бұлардың көңілін Исламға жібітіп, жаманшылықтарынан сақтанудың қажеті болмай қалуында еді. Бірақ кейбір ғалымдардың пәтуасына сүйенсек, қажет болған жағдайда, қайтадан бұл топқа беруге болады.

5. Құлдар. Қожайынынан азат болу үшін белгілі ақшаға келіскен құлдарға зекет беріледі. Міне, бұл Ислам дінінің құлдарды азат ету жолында жұмсаған еңбектерінің бір көрінісі. Ескерту: қазіргі қоғамда құлдардың жоқ болуы себепті ғалымдар алтыншы тармаққа қосуға болады деген.

6. Қарызға батқандар. Қарызынан тыс нисап мөлшеріндегі малға ие болмаған немесе басқа біреуде қарызы болып, бірақ қайтарып алу мүмкін болмағандар «қарызы бар адамдардың» тобына жатады. Пақырға зекет бергеннен гөрі қарызынан қиыншылық көріп жатқан адамдарға зекет беру абзал. Өйткені, қарызынан құтылу – қарызы бар үшін басты міндет.

7. Аллаһ жолындағылар. Бұл топқа Аллаһ ризалығы үшін ілім іздеушілер (медреселер мен діни оқу орындарының түлектері), жастарымызды имандылық, адалдық, адамгершілік, әділдік сияқты жақсы қасиеттерге тәрбиелеу үшін, жалпы қоғамға пайдасы бар қайырлы істер үшін бар күштерін салып еңбек етушілер кіреді.

8. Қаржылары бітіп, жолда қалғандар. Бұларға негізгі тұрғылықты жерлерінде ақшалары барлар жатады, яғни бай болса да, оларға зекет беріледі (қажылар, ілім ізденушілер, т.б.).


[1] Бұхари.


Warning: count(): Parameter must be an array or an object that implements Countable in /var/www/vhosts/zeket.online/httpdocs/templates/tz_lawyer_justice/html/com_k2/default/item.php on line 215
  • Super User Super User
  • 1267 times
  • Last modified on29, августа 2018
  • Published in БАСТЫ АҚПАРАТТАР
    • 1
    • 2
    • 3
    • 4
    • 5
    (0 votes)
  • Әлеуметтік желіде бөлісу

About Author

Super User

Super User

Who do not know how to pursue pleasure rationally encounter consequences that extremely painful nor again is there anyone who loves or pursues or desires to obtain pain of itself versions have evolveed over the years, sometimes by accident, sometimes all times purpose rationally.

templaza.com

Latest from Super User

  • БАЛЫҚ БЕРМЕ, ҚАРМАҚ БЕР
  • МАҚСАТБЕК ҚАЙЫРҒАЛИЕВ: ӨЗІМІЗГЕ ҚАЛАҒАНДЫ ӨЗГЕГЕ ДЕ ҚАЛАЙЫҚ
  • Садақаның пайдасы
  • Зекет – Исламның көпірі
  • Ұшыр дегеніміз не?
More in this category: « Садақа – береке кілті Зекеттің үкімі »

ОНЛАЙН САДАҚА ЖАСАУ


Размер пожертвования
200ТГ
500ТГ
1000ТГ
5000ТГ
Способ платежа
Банковская карта



Басқаша Садақаны қалай берсем болады?

Ол үшін сіз төменде көрсетілген нұсқалардың кез келгенімен Қаржылай қайырымдылық жасай аласыз:

1. QIWI төлем терминалдары арқылы

Оплата услуг-> Другие услуги-> Фонды помощи-> КФ "ФОНД ЗАКЯТ ДУМК"

2. Банктегі есепшот арқылы:
АО "БанкЦентрКредит" Алматы
КФ «Фонд Закят ДУМК»
Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX
БИН 110540000991
KZ208560000005121039
КНП 119 (благотворительная помощь )

Қор реквизиті

АО "БанкЦентрКредит" Алматы

КФ «Фонд Закят ДУМК»

Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX

БИН 110540000991

KZ208560000005121039

КНП 119 (благотворительная помощь )

Байланыс:

Тел. 8 7172 99 9869

Моб: +7 778 407 08 50

 

 

Мекен-жайымыз:

010000, Астана қаласы, Қарасаз 3

Жаңалыққа жазылу

ОК

Әлеуметтік желілерде бізбен бірге болыңыздар

  • Онлайн Садақа беру
  • Зекет калькуляторы
  • Онлайн Зекет Виджеті
  • Онлайн өтініш қалдыру
  • Политика конфиденциальности
Copyrights © 2011-2024 Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы Зекет Қоры